Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

Ескерту. 362-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 363- бап. Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алуы және оның соған байланысты азаматгардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекетгің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы - үш жұз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жүмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 364- бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу 1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетгік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын үйым қүруы не мұндай ұйымды басқаруға занда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса, - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінпіі бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе -303-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==