Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
362- бап. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану 1. Билікті немесе лауазымдық өкілетгіктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттік функцияларды орьпедауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқыкдары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын және азаматгардың немесе ұйымдардың құқықтары мен завды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекетгер жасауы — үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет - бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекетгік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет — белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, торг жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас босгандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не: 1) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп; 2) қаруды немесе арнайы қүралдарды қолданып; 3) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында; 4) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етумен байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс- әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгьшан өмір бойына айыра отырып, ал 3) тармақга көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. -302-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==