Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

тұлгалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекетгік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы. Мұндай жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту туралы, сынақ мерзімін белгілеу туралы және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны өзінің бұрынғы жұмыс орны бойынша тапсырған жағдайда оны ұсыну туралы талаптар қолданылмайды. 30- бап. Мемлекеттік лауазымға тағанындау 1. Азаматтарды мемлекеггік лауазымдарға гағайындауды және мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік лауазымдардан босатуды лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай қүқығы бар лауазымды адам (орган) не өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады. 2. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеу кезінде мсмлекеттік орган Қазақстан Республиқасының мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. 3. ІІерсоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімді толтырады. Қызметгік тізім нысанын уәкілетті орган бекітеді. 4. Мемлекетгік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметгік куәлік беріледі. Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипатгамасын мемлекеттік орган бекітеді. 6- тарау. МЕМЛЕКЕТТЕК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ 31- бап. Лауазымдық нұсқаулықтар Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айкындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі. Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар -237-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==