Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

17) мемлекетгік органдарға Қазақстан Ресггубликасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушьшықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізеді; 18) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады; 19) мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асырады; 20) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысына әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады; 21) мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды; 22) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 3. Уәкілетті органның облыстарда, республикалық маңызы бар қапаларда, астанада Әдеп жөніндегі кеңестері болады, олар туралы ережені уәкілетгі органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 4. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің шешімдері бұйрықтар нысанында ресімделеді. 6- бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде: 1) мемлекетгік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекетгік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді; 2) тәртіпгік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; 3) мемлекетгік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет -214-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==