Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы

бірдей емес: егер инвестордың жүргізетін жұмысы көп уақыт алатын, қымбат бағаланатын және күрделі болса, ол жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа үрынуы мүмкін. Мемлекетке инвестиция тарту ісінде жоғары лауазымдагы түлғалар елеулі рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде үміткердің кәсіби біліктілігіне, мінез-қүлқына, моральдық — этикалық үстанымдарына баса назар аудару қажет. Нүсқаулықгарды талдау барысында барлық 40 Нұсқаулыққа тән заңдылық байқалды: инвесторларга келтірілетін бюрократиялық кедергілер мемлекеттің қүқықтың жүйесімен тығыз байланысты. Құқықтық жүйесі жалпы қүқыққа негізделген мемлекеттерде (Үлыбритания, АҚПІ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен[10,13]. Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір-бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық — биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды үйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлыкггың дамуына әкеп соғады[1 1]. Құ^ыкріык, сипаттагы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бүл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нүқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде қүлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз үйымдастырылуының салдарынан қоғамда қүқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Қүқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқгығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жүмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл - құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де -16-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==