Турдалиев, Ә.О. Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы
басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлыктың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі [4,253]. Әрине, еңбекақысы темен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекетгік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және түрақтылығьш қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекетгерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге үсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады [5,106]. Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі негүрлым жоғары болса, соғүрлым моральдық-адами және қүқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтарымыз: - жағымсыз әлеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтгың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себеитері болып табылады. - алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметгік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған қүралдар болуы әбден мүмкін. Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері эсер етеді [6,2]. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік қүрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл — саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақ “ гық жэне жергілікті билікке беруді көздейді, ал -14-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==