Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

штрих сызық) және алдыңғы бой енінің деңгейінде басталып, артқы бой енінің деңгейінде аяқталады. П 3 және П 6 нүктелерінен жеңнің төменгі бөлігінің сызығы өзгеріссіз қалады. Реглан пішімді бұйымның конструкциясы алуан түрлі бола алады, соның ішінде «принцесс» пішімімен үйлесімі де мүмкін. Жұмсақ нымшаны сызу ұстанымы кез келген пішімдегі бұйымдар үшін бірдей, айырмашылық белгілі бір үлгінің ерекшеліктерін тұрғызуда айқындалады. Бұйым жұмсақ пішімді болу үшін, бірақ көлемді емес, бүрмелерге немесе бүкпелер үшін бүкпені ашу алдында нымшаны бүкпелер есебінен тарылтады. Артқы бойда бүкпені толық жабады, яғни иық қиығындағы бүкпе шамасына артқы бойды тарылтады. Алдыңғы бойда осындай тәсілмен бүкпенің бір бөлігін жабады. 44 және 46 өлшемді бұйымдарда бүкпені толық жабуға болады. Содан кейін таңдалған үлгінің конструктивті үлгіленуі жасалады. 57-суретте көрсетілген жейдешенің пішімін жасау үшін кеуде бүкпесі бел сызығына ауыстырылған реглан пішімді бұйымның негізі қолданылған. Негізгі сызбаны сызу кезінде кеуде бүкпесінің ендігінің бір бөлігі қолтық ойындысына ауыстырылған (56, а-сурет). Осындай қалыпта бел сызығындағы бүкпе ендігі көптеу, сондықтан мойын ойындысындағы бүрмелерді сызу кезінде бел сызығындағы бүкпенің шеттерін бір-біріне қою арқылы оны кішірейтеді (бел сызығындағы штрихталған аймақ). Жейдешені тігу кезінде мойын ойындысы қиығын алғашқы ұзындықта жіпке жинайды. 57-суретте штрих сызықпен негізгі сызбалары бастырылған, олардың негізінде конструктивті үлгілеу жүргізілген (тұтас сызықпен - конструктивті үлгілеуден кейін алынған лекалдар; бел сызығынан жоғары штрихталған аймақ бүрмелер үшін ашылған шаманы білдіреді; бел сызығындағы штрихталған бөлік - жабылған бүкпе шамасы). 96

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==