Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан); сонымен қатар пішімнің сан түрлі нұсқалары, мысалы, нымшаның иінішімен тұтас пішілген жеңдер және т.б. Реглан пішімді бұйымдарда қолтық ойындысының тереңдігі жеңнің пішіміне байланысты, жіңішке, тік немесе функционалды. Функционалды бұйымдар жеңдерінің негізінен тұрғызылған реглан жеңдер иық аймағында жұмсақ пішіні, аздаған көлемі бар және қолдың бөксе деңгейінде тұрған жағдайында (шынтақ деңгейінде бүгілген) қозғалысқа есептелген. Тар жеңнің негізінде тұрғызылған реглан жеңдердің жең түбі биік болады және қолға тығыз қыналады. Мұндай жеңдер тоқыма бұйымдарда ыңғайлы. Үлгілеу тәсілі келесідей болады. Алдыңғы бойдың және артқы бойдың негізгі лекалдарын екі тігісті жеңнің негізгі лекалымен қолтық ойындысының жоғарғы бөлігі жең түбімен сәйкесетіндей П 3 және П 6 нүктелерінде сәйкестендіреді (56, а-сурет). Жеңді алдыңғы боймен сәйкестендірмес бұрын функционалды бұйымдардағыдай кеуде бүкпесінің бір бөлігін (2-3 см) қолтық ойындысына ауыстырады. Қолтық ойындысының төменгі бөлігінде П 3 және П 6 нүктелерінен бүйір қиықтарға дейін жең бойынша теңестіру қажет. Одан кейін реглан сызығын сызады. Ол мойын ойындысының кез келген нүктесі арқылы өте алады, әртүрлі кескінде бола алады, иық қиығынан шығуы мүмкін, ол пішім жартылай реглан деп аталады. Реглан сызығын сызған соң әрбір бөлшекті калькаға түсіреді реглан сызығында, артқы бой мен алдыңғы бойдың жеңдерінде қалған бүкпенің бөлігін жауып, түйрейді (56,б-сурет). Артқы бойдың негізгі бөлшегіндегі бүкпені қондырады, бедер тігіс болса, бедер сызыққа ауыстырады. Алдыңғы бойдағы кеуде бүкпесін өз орнында қалдыруға немесе басқа қиықтарға ауыстыруға болады. Бедерлерді, иініштерді қолдану арқылы немесе нымшаны жұмсақ безеңдіру арқылы конструктивті тәсілдерді қолдану бүкпені орналастырудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Реглан пішімді бұйымдарға артқы бой мен алдыңғы бойдың иініштерімен пішілетін жеңдер де жатады. Бұйымдар кез келген силуэтті бел сызығы бойынша кесілген немесе тұтас пішілген бола алады. Иініш сызығынан төмен орналасқан бұйым бөлігінің конструктивті шешімі жұмсақ, көлемді немесе қатты болуы мүмкін. Бел сызығы бойынша тігісі бар көйлектерде белдемшелердің конструктивті шешімі және олардың сызбаларын тұрғызу тәсілдері әртүрлі нұсқада болуы мүмкін. Автормен ұсынылған осындай бұйымның сызбасы кеуде бүкпесі бел сызығына ауыстырылған тік пішімді нымшаның негізінде тұрғызылған (56, в-сурет). Иініші бар реглан бұйымның пішімін алу үшін артқы бой мен алдыңғы бой регланының пішімі негізінде иініш сызығын сызады. Кеуде ортасы бойынша және артынан П 3 нүктесі деңгейінде орналасқан иініш жіңішке (4 см алдыңғы бойда және 8 см артқы бойда) және жалпақ бола алады. Осындай нұсқада реглан бұйымды сызу кезінде қолды еркін қимылдату үшін П 3 және П 6 нүктелерінде жеңге 1,5-2 см қосымша қосады. Иініштің жаңа сызығы ұзындығы бойынша бұрынғы иініштікімен тең болу қажет (сызбадағы 95
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==