Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

С б + П б = 56 + 2 = 58 - 4 толықтық үшін. Ескерту . 31-суреттегі тік силуэтті тұтас жеңді көйлек 2-толықтық үшін құрастырылған. Бөксе сызығы бойынша бұйымның еніне берілетін қосымша өзгеріп тұруы мүмкін. Бөксе сызығы бойынша бұйымның ені кеуде сызығы бойынша бұйымның еніне қатысты айырма шамасы оң немесе теріс болуы мүмкін. Бұл шамаға әсер ететін негізгі фактор жартылай бөксе айналымы С б өлшемі және қосымша П б . Бұл өлшем бұйымның силуэтін анықтайды. Егер бүйір тігіс қолтық ойындысы енінің ортасында жатқан нүктеден ауытқыған болса, онда алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарының тік сызықтан арақашықтығын 1:2 қатынаста анықтайды. Егер бүйір тігіс алдыңғы бойға ауытқыған болса, онда бұйымның етек сызығы бойынша ара- қашықтық алдыңғы бой жақтан көбірек болуы керек және керісінше. Етек сызығын безендіру. Етек сызық артқы бойдың бел сызығына параллель жүреді және бүйір қиықтан алдыңғы бойдың ортасына қарай 0,5-0,7 см төмендейді. Әртүрлі толықтықтағы 48 өлшемдегі IV бойдың (164-96-104) дене- бітіміне тік силуэтті тұтас жеңді көйлек негізгі сызбасын құрастыру үшін есептеулер 9-кестеде берілген. 9-Кесте. Тік силуэтті тұтас жеңді көйлектің негізгі сызбасын құрастыру үшін есептеулер, 48 өлшем, IV бой Кесінді Есептеу формуласы және кесіндіні безендіру 1 толықтықтағы денебітім үшін формула бойынша есептеу, см Есептеу нәтижесі, см 2 толық тық 3 толық тық 4 толық тық 1 2 3 4 5 6 Артқы бой Бел сызығының деңгейі Д т.с + П д.т.с 40,4+1=41,4 41,3 41,2 41,1 Бөксе сызығының деңгейі - 18-20 18-20 18-20 18-20 Бұйымның етек сызығының деңгейі Д и + П д.и 105,0+2,0=107,0 107,0 107,0 107,0 Артқы бойдың ені Ш с + П ш.с 18,2+1,2=19,4 19,5 19,6 19,7 49

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==