Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
31 сурет - Артқы бойдың ортаңғы сызығын құрастыру Бүйір қиықтарды құрастыру. Бүйір қиықтарды құрастыру бұйымның қолтық ойындысы тереңдігі, бел, бөксе және етек сызықтарында олардың орнын анықтауға байланысты. Әдетте, бүйір қиықтардың орны таңдалған үлгіге байланысты. Жейде жеңді тік силуэтті бұйымдарда бүйір қиықты қолтық ойындысының ортасында орналастырады. Егер үлгіде бүйір қалталар болса, онда бүйір қиықты қолтық ойындысы енінің 1/3 бөлігіне алдыңғы бой жаққа қарай жылжытады (үзік сызық). Қолтық ойындысы ені сызығындағы нүктеден бұйымның бел, бөксе, етек сызықтарына дейін перпендикуляр түсіреді. Бұл сызық алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарын құрастыруда көмекші сызық, сонымен қатар етегі көзге тартылған болып көрінетін бұйымдарда артқы бой мен алдыңғы бойдың бүйір қиықтары болуы мүмкін. Тік силуэтті бұйымдарда бұл сызық артқы бойдың бүйір қиығы болып табылады, ал алдыңғы бойдың бүйір қиығы етегінде 1,5-2,5 см артқы бой жаққа ауытқиды. Бөксе сызығында бұйымның ені тең болады, см: С б + П б = 50 + 2 = 52 - 1 толықтық үшін; С б + П б = 52 + 2 = 54 - 2 толықтық үшін; С б + П б = 54 + 2 = 56 - 3 толықтық үшін; 48
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==