Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу
Тік жағалар. Тек қана мойынды киіндіретін, тіктемеден тұратын жағаларды - тік жағалар деп атайды. Түрі бойынша тік жағаларды екі топқа бөлуге болады - тік (21 сурет, а) және қиғаш (21 сурет, б, в, г). Сызбаны сызу амалы бойынша - кесілген және бұйыммен тұтас пішілген. Кесілген тік жағаларға конструкция сызбасы тік төртбұрышты, ұзындығы жағаның ұзындығына, ені жағаның биіктігіне тең болып келеді. Қиғаш жағаларға тігу сызығы томпақ (мойынға қиғаш жағаларға) немесе ойыс (мойыннан қиғаш жағаларға) болуы мүмкін. Жағаның қиғаштығын бірінші кезде АА 1 (21 сурет, а), екінші кезде ОВ (21 сурет, г) кесінділері сипаттайды. Сызықтың азғантай қисаюы (АА 1 < 1 см.) дайын кезінде көрермен қабылдауына әсер бермейді (21 сурет, а), сондықтан домалақ мойын ойындысына тік жолды жағаны тігу нәтижесінде болған созылудан сақтандыру мақсатында жағаның сыртқы шетінің қысқарту үшін жиі қолданылады. Конструкивті амал ДЖӨ ауыстырулуы мүмкін. Мойынға қиғаш жағалардың сызбаларында тіктеменің ұзындығын ОА кесіндісі (21 сурет, а, б, в), ал мойыннан алысырақ қиғаш жағаларда ВА кесіндісі (21 сурет, г) анықтайды: ОА = l горл. - Х; ВА = l горл. - Х, қайда l горл. - жағаның мойын ойындысына тігу иілген сызығы бойынша өлшенген мойын ойындысының ұзындығы; Х = 0,2 - 1 см. (жағаның мойын ойындысына тігу сызығы бойынша жағаның ұзындығының қисықтығын ескеретін түзеу көлемі). Жағалардің түрлігі жағаның үшін жіне шетін түрлі безендірумен табылады. Тұтас пішілген жағалардың түрлері мойын ойындысының түріне байланысты. Таңдалған мойын ойындысында жағаның сызбасы келесі жолмен сызылады (21 сурет, д). Мойын ойындысының үші А 2 және А 4 нүктелерінен тігінен жоғары биіктігі тіктеменің еніне тең арақашықтық сызылады. Тура сондай көлем мойын ойындысынан өңірдің ортанғы сызығының жалғасында сызылады. Осы сызықтардың аяғында горизонталь бойынша артқы бойда солға 0,5 см., ал алдынғы бойда оңға 2 см. кесінді сызылады. Табылған 149
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==