Сарттарова, Л.Т. Тігін бұйымдарын конструктивті үлгілеу

қайда l горл. - жағаның мойын ойындысына тігу иілген сызығы бойынша өлшенген мойын ойындысының ұзындығы; Х = 0,5 - 1,5 см. (жағаның мойын ойындысына тігу сызығы бойынша жағаның ұзындығының қисықтығын ескеретін түзеу көлемі); Ү - жағаның мойын ойындысына тігу сызығы бойынша бүкпелерге, бүрмелерге берілетін көлем. Жағаның ортасындағы және аяғындағы берілген ендер үлгіге және сән бағытына байланысты. Жағаның ортасындағы ені және жағаның мойын ойындысына тігу сызығы жағаның ортасының сызығына перпендикулярды болу керек. Тіктеменің облысында жағаның түрі айкып болу үшін қосымша желімдік маталармен өңдейді (19 сурет, д), немесе конструкциясында айқындайды (20 сурет, и), немесе киюмен көрсетеді (20 сурет, к, л). Сонғы жағдайда, жаға жоғарыда айтып кеткендей тұрғызылады, тіктеме жағаның сызбасында сызылады. Жағаға тіктеменің тігу сызығы - ойысты қиғаш. АВ сызығының ортасындағы ойыс көлемі 1,5 см. тең. Тіктеме биіктігі 2,5 - 4 см. тең. Үшкір түрді жағаларға тіктеме ені көбірек болуы мүмкін. Бұйымның мойын ойындысына тіктеменің тігу сызығы жағаға тіктеменің тігу сызығымен параллельді болу керек. Тіктеменің аяғы үлгіге байланысты безендіріледі. Жайпақ жағалар ерекше конструктивті топ құрастырады. Жағаның конструкцисы алдынғы және артқы бойлардың сызбасында тұрғызылады. Сол үшін, алдынғы және артқы бойлардың сызбасын иық сызықтары бойынша, алдынғы және артқы бойлардың мойын ойындыларының ұштарын дәл келтіріп, қиыстырамыз (20 сурет, м, н). Абсолюттік жайпақ жаға керек жағдайда, жағаның мойын ойындысына тігу сызығы бұйымның мойын ойындысының сызығына дәл келеді. Биік емес тіктеме керек участоктарда жағаның тігу сызығы мойын ойындысының сызығынан 1 - 1,5 см. жылжыуы биіктігі 1 - 1,5 см. тіктеменің пайда болуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жеңіл, тығыз емес маталардан тігілген бұйымдарға, алдынғы және артқы бойлардың иық сызықтарын 0,5 - 0,7 см қолтық ойындысының участогінде бір бірінің үстіне кіргізіледі (20 сурет, н). 148

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==