Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Үш стандартты ерітінділерден алынған орташа мәліметтер арқылы миллиметрлі кағазда елшемі 25x25 градиуронды сызбаны құрады. Абцисса осінде азотқышқылды натрий концентрациясын қалдырады (1 см 3 боялған ерітіндідегі мкг), ал ординат осінде - тиісті оптикалық тығыздықты. Градиуронды сызба бас координаттан өту керек. Градиуронды сызба мысалы қосымшаларда көрсетілген. Нитритті салыстыру ерітіндісін әзірлеу. 5 см 3 жүмыс ерітіндісін, көлемі 100 см 3 болатын мөлшерлік колбаға енгізеді,белгіге дейін дистиллденген сумей толтырып, араластырады. 1 см 3 Стандартты ерітінді құрамында 2,5 мкг азотқыіиқылды натрий бар. Стандартты эталондарды әзірлеу үшін көлемі 100 см 3 болатын жеті мөлшерлі колбаға пипеткамен, қосымша пайдалана отырып келесі ерітінділерді енгізеді: бірінші колбаға - 2 см 2 , екінппге — 4 см 2 , үшіншіге - 6 см 2 , төртіншіге - 7 см 2 , бесіншіге - 8 см , алтыншыға - 10 см 2 , жетіншіге - 11 см 2 . Кезекпен әр колбаға 50 см 3 дистиллденген су қосады, көлемі 10 см 3 I ерітіндіні қараңғы жерде 5 мин аралығында үстайды. 2 см 3 Ерітінді ІІ-ні қосыи, қараңғы жерге 3 мин кояды. Колбадағы ерітінділерге белгіге дейін дистиллденген су қосып, араластырады. Алынған салыстыру ерітінділері (1 см 3 ерітіндіде ) 0,050, 0,100, 0,175,0,200, 0,250, 0,275 мкг азотқышқылды натрий бар. Түссіз, әйнекті, бірдей диаметрлі 7 пробиркаға азотқышқылды натрий салыстыру ерітіндісін қосады. Салыстыру ерітінділері түрақсыз болғандыктан, оларды талдау алды, негізгі ерітіндіден әзірлейді. Талдауды жүргізу Фотоэлектроколориметр арқылы нитритті анықтау. Көлемі 200 см 3 мөлшерлі колбаға анализге арналған 10 г үлгіні араластырады, олшеу кезінде қателік деңгейі 0,001 - нан аспауы тиіс. Кезекпен мөлшері 5 см 3 қаныққан бура ерітіндісін , гемпературасы (75±2)* С 100 см 3 суға қосады. 242
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==