Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
97 Формат пен стиль әлеуметтік мүдде тәжірибенің партисипативті сипатына негізделген, яғни адамдар ақпарат іздестіру, клип жүктеу және видеоға тапсырыс беру үшін интернетке шығып жатады, бірақ MySpace, YouTube және Flickr сияқты сайттардың танымалдығы әлеуметтік белсенділік пен тұлғаның интернеттегі жеке образын жасау қажеттілігіне қатты сусап тұрғанын аңғартады. Жеке нарратив пен интернет журналдардың дендеп енуі, адамдардың онлайн оқуғажәнежазуғажақсыбейімделгенін көрсетеді. Бұлмессеждер өміріміздің әлеуметтік тініне жымы білінбей бірікті. Ақпараттық дизайн өнері белгілі бір деңгейде толық белсенді жаһандық форум шеңберінде орналасады, дәл осы кең жайылған ұшан-теңіз дерек пен метадата тәжірибесі тұтынуымыз бен реакциямызды зерделейтін әрі ұйымдастыратын жүйелердің дизайнына түрткі болады. Ойымызды әрі қарай өрбітсек, ең маңызды онлайн сценарий жазу – онлайн-тәжірибемізді, яғни бағдарлама сценаристері жазған кодты қалыптастыратын компьютер деп айтуға болады. Интернетте мәтінді тиімді жобалау және орналастыруға арналған «нұсқаулық» әзірлеу мәселесі компьютер/тұлға интерфейсі тақырыбы сияқты кең ауқымды. Желідегі мәтін – дизайны мен сипаты әртүрлі факторлармен анықталатын «контент». Сол факторларға: 1. Мақсатты аудитория. 2. Көрсету мақсаты. 3. Интернет-жобаның сипаты. 4. Интерфейсті жобалау парадигмасының табиғаты. 5. Мақсатты технологиялық база жатады. Профессор Метот оқуға ыңғайлы сайт жасау үшін бірнеше орынды кеңес ұсы- нады: 6. Өлшемі 12 шрифтіден кем қаріптерді пайдаланбаңыз. 7. Үлкен шрифтідегі кез келген қаріп орынды саналады, бірақ кішірейген шрифті кертілген қаріптерге жақын тұрсын. 8. Сөз арасына тар жол қалдырмаңыз. 9. Лид (мәтін жолдары арасындағы интервал) мәтіннің нақты өлшемінен бір немесе екі нүктеге жоғары орнатылуға тиіс. 10. Мәтінді шағын, ыңғайлы, таңбаланған «битте» жазыңыз. Кең баған мен ұзын абзацтардан аулақ болған жөн. 11. Мәтіннің түсін, мүмкіндігінше беттің фондық түсінде (немесе бейнесінде) оқылатын реңкте қалдырыңыз. 12. Әр бетке мәтін көлемін шақтап алыңыз. Негізгі форматтар барлық жанрға жарай береді, әйтсе де оқулық тарау- ларында сипатталған бағдарлама түрлері мен дистрибъюция режимдері- нен арнайы бейімделуді таба аласыз. Морис Метоттың рұқсатымен пайдаланылды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==