Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

3-ТАРАУ 96 қа бөлімдерінде айтылғандай, іздеу жүйелері ақпарат іздестіруді жеңілдетіп, ар- қаны кеңге салғызғанымен, алынған ақпараттың сенімді екеніне әбден көз жеткі- зіңіз. Ал газет пен журналға келсек, мұнда бетті есептеу, яғни нақты бір нәрсенің форматын келтіру өте маңызды. Продакшндағы компьютердің рөлі Жазушылық құзырыңыз продакшн процесіне тікелей қатысты болса, жұмы- сыңызды едәуір жеңілдететін компьютерлік бағдарламаны табуыңызға болады. Жазушы-продюсер немесе жазушы-режиссер мазмұнды түрлендіріп, сценарий қажет ететін әрбір продакшн элементін жеке бөліп көрсете алады. Бұған әр ке- йіпкердің костюмге керек заттары, әрбір арнайы эффект, барлық аудио эффект, қажетті қосымша субъектілер мен олардың костюмдері, сондай-ақ алаңдағы не студиядағы автомобиль секілді алып немесе иненің жасуындай реквизиттер де кіреді. Компьютерлік бағдарлама сахналық көріністегі әрбір элементті тізіп, әр элементті есепке алған-алмағанын тексеруіңізге болатын ұяшықтары бар про- дакшн тақтасын ұсынады. Компьютер қай кейіпкердің қай көрініске қатысатыны және кіммен топтасатыны негізінде, продакшнның егжей-тегжейлі кестелерін әзірлеу үшін де қолданылады. Продакшн бюджетін есептеуге кестені пайдала- нуға болады. ИНТЕРНЕТ ФОРМАТЫ МЕН СТИЛІ Эмерсон колледжінің профессоры Морис Метот: «Сайттың драма жүйесіне сәйкес «сценарийі құрылмаған», – дейді. – Браузерге контент салатын код кез кел- ген ретті кадрнамаға қарағанда, пайдаланушы тәжірибесінің ажырамас бөлігіне айналады, бірақ бұл кодты браузер оқымаса, оның түк мағынасы болмайды» – дейді. Тағы да Метот былай дейді: «Мұнда интерактивті медианы қалыптасып келе жатқан әлеуметтік және мәдени құрылым ретінде терең түсіну қажет. Онлайн даралық және қауымдастық құру дегеніміз – хабарды жіберу/қабылдау теориясына негізделген дәстүрлі модельдердің айтарлықтай трансформациясына әкелуі мүмкін. Мәтін интернеттегі күллі медиа сияқты түрлі үлгіде және апроприацияда бір жаққа қарай ойысады, онда бұрмалау мессеждің ажырамас құрамдас бөлігіне айналады. Қазіргі технологиялық төңкеріс, кадрды өткізу жолағы мен әлеуметтік бейімделу келешек интернетті нақты болжау небәрі бұлдыр болжам екенін көрсетеді». Жас тұлғаның MySpace, YouTube немесе Flickr платформасында әлеуметтік келбетін жасауы, онлайн сценарий жазудың мәніне қалай әсер етеді? Мәтіндік, аудио және видеоблогтар, жылдам хабар алмасу, көпшілік әуес онлайн ойындар және жер-жерде ұстайтын сымсыз желілер онлайн интерактивті медиаға араласу мен тәжірибе жинақтау дағдымызды қалай қалыптастырады? Өзін «белсенді жобалау агенті» ретінде белгілейтін кибернетика грамматикалық тетіктер, алгоритмдік рәсімдер мен шексіз кеңейетін метадата дерекқорынан қалайша жаңа контент туындатпақ? Интернет-парақша шексіз кеңейіп отыратын дерекқордан ақпарат шығарып, оны ұшы-қиыры жоқ визуалды және дыбыстық құралдардың алуан түрінде көрсете алады. Мәтін, дыбыс, фотосуреттердің және кинокадрлардың бәрінің гипертекстік сипаты бар, бұл кез келген нәрсе кез келгенімен байланыса алады дегенді білдіреді. Киберкеңістіктегі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==