Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
95 Формат пен стиль Компьютерді сценарийді форматтау үшін пайдалануға дайын кезіңізде жергі- лікті компьютерлік базардан нақты қажеттіліктеріңізді толық өтейтін соңғы әрі ең тиімді бағдарламаны іздеп көріңіз. 2013 жылдың көктемінде қайта қаралатын бұл оқулықты ақтарған сәтіңізде мұндағы ақпараттың бәрі ескіріп қалмасына кім кепіл. Қолыңыздағы кітаптың авторы медиа қолжазбаларымен жұмыс істеу- ге ниет білдіріп, сол кезде пайдаланған шағын ноутбукті алмастыру үшін мәтін- дік өңдеу бағдарламасы бар планшет не iPhone -ды шарасыз іздеген еді. Ал сіз сце- нарий жазу үшін енді планшет, iPod немесе жаңа құрылғыны пайдалана аласыз. Компьютер мен сценарий Көп сценарист «сюжет әзірлеу бағдарламасы» (story development software ) деп аталатын құралды пайдаланады. Мысалы ScriptZone авторға сценарийдегі са- лыстырмалы элементтері бірдей сыни ревизияға мұқтаждығын анықтауға кө- мектесетін сценарийдің талдау үлгісін ұсынады. Scriptdude сюжет желісін, тіпті кейіпкерлер мен диалогты жасайтын бағдарлама ұсынады. Write a Blockbuster – Холиудта ең табысты болатын сценарий жазу процесін рет-ретімен үйрететін бағдарлама. Final Draft қаламгерлерге сценарий форматтарын ұсынады. Мұндай бағдарлама мен сайт материалдарын пайдалану – сценарий жазу формулала- рын көбірек дайындау үрдісіне әкеледі, алайда негізгі тәсілдер әр автордың ең үлкен ресурсы саналатын жеке шығармашылықтың орнын баса алмайды. Көпте- ген автор сценарий жазу кезінде жіберіп алған негізгі әдістерді есіне түсіру үшін осы бағдарламаларды пайдаланады. Компьютер және жаңалықтар Компьютер баспасөз және теле-радио редакциясында бірнеше негізгі тәсіл- де қолданылады. Сценарий жазу мен сюжетті редакциялаудың бір тәсілі – маз- мұн мен сөз құрау, сонымен қатар сол сөздерді редакциялау. Бір компьютерде жазылған сюжетті басқа компьютерде редактор өңдей алады. Материалды бір компьютерден екіншісіне трансферлеу үшін модемді пайдалану сюжеттің Чи- кагода жазылуына, Лос-Анжелесте өңделуіне және Нью-Йоркте шығуына мүм- кіндік береді. Ноутбук – оқиғаны шұғыл, оқиға орнынан бергенге, әсіресе басты жаңалықтарды дем арасында хабарлағанға таптырмас құрал. Автор немесе ре- дактор ноутбукті телефон желісіне қосып немесе Wi-Fi арқылы сюжетті редак- циядағы компьютерге жібере алады. Басқа компьютер газет пен телевизияда қолданылатын диаграмма, кесте, кар- та және басқа да визуалды эффектілерді қоса алғанда, графика жасау үшін пай- даланылады. Эфир кезінде графика жаңалықтар шығарылымына электронды түрде тікелей берілуі мүмкін. Осыған дейін радио компьютерде жасалған арна- йы дыбыстарды пайдаланып келді, бұл аудионың «графикалық» көрінісі бола- тын. Тікелей эфирдегі жаңалық шоуында жүргізушілермен қосылу үшін барлық визуал эффектілер компьютерде сақталады. Жаңалықтарда компьютерді пайдаланудың тағы бір маңызды қызметі – ақ- парат жинау, мақала жазу кезінде пайдаланылатын материал үшін дерекқор жинау. Ақпарат іздестірудің екі түрі бар. Бірі – жаңа қабылданған заңнамалық актінің мәтінін алу, екіншісі – нақты жаңалық тақырыбы бойынша газетте жа- рияланған барлық оқиға туралы «сүрленген» ақпаратты жинау. Оқулықтың бас-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==