Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

3-ТАРАУ 94 Компьютерлік бағдарлама түрлері Компьютерлік бағдарлама – хат, курстық жұмыс, сценарий және басқа да кез келген нәрсені жазуға әзірленген. Дерекқор ақпаратты өзіңіз әзірлейтін кез келген форматта тіркеп, айна қатесіз шығарып бере алады. Мысалы, сценарийіңізді компьютердегі мәтін өңдеу бағ- дарламасында аяқтасаңыз, біздегі әдеби агенттің аты мен мекенжайын алдырту үшін дерекқор бағдарламасын пайдалана аласыз. Компьютерлік бағдарлама мен дерекқорды пайдаланып, агентке хат жаза аласыз немесе жаңа сценарий нұсқа- сын дайындап, конверт белгісін Spreadsheet пернетақтасына енгізіп, қаржылай мә- ліметті және бюджетті қадағалап отыра аласыз. Продакшн жоспарына кететін қаражатты анықтап, сценарийіңізді шығармашылық өндіріс саласына кеңейте аласыз. Ара-тұра салық төлемдеріне көз қырын салып қойған жөн. Сценарий ав- торларына салмақ салатын салық кодексін ескерер болсақ, электронды кестелер қалған-құтқан міндеттемені анықтап, салық есебін жүргізіп береді. Қаламгер ре- тінде компьютердің осындай сервисіне қолыңыз оңай жететіндей табысты бол- ғайсыз. Коммуникация бағдарламасы сценарийді бір үстел басына байлап қоймайды. Модем, жазу процесінің кез келген тұсында сценарийіңіздің сынға ілігер шикі тұстарын бірден айқындайды, кез келген кезде тез әрі оңай өзгертуге жағдай жа- сайды, продюсер, режиссер, агент, сценарий редакторлары және басқалардың комментарийі негізінде жылдам редакциялауға мүмкіндік береді. Бір немесе қосбағанды форматтарға, бөлек, драмалық сценарийге арналған бағдарламалық жасақтама автоматты түрде сценарий үшін қалауыңыз бойынша тиісті жиек пен интервалды, өзіңіз қалаған кейіпкер аттары мен кез келген басқа да терминдер- ді таңдайды, ремарка және басқа да тиісті деректерді жақша ішінде көрсетеді, сахналық көріністерді редакциялап, өшіріп немесе қосқанда автоматты түрде драмалық сценарий форматындағы дұрыс белгіленген эпизодтар санына айна- лады. Сондай-ақ бетті қайта басып шығарады, қажетіне қарай қысқартады не ұзартады. Қай көріністер кесілгенін немесе қосылғанын қадағалайды. Қайсысы жаңа материал екенін, ал сценарийдің басып шығарылуына қарай қайсысы ескі екенін белгілейді. Сценарий дайындау бағдарламасы сценарийді бірбағанды форматтан қосбағанды форматқа немесе нөмірленген эпизодтық бағанға өзгерте алады. Компьютерлік бағдарлама жарнамалық роликтер мен әлеуметтік жарна- ма дайындауға қажетті материалды суреттейтін кадрнама тақтасын сыза алады. Жоба бойынша жазған, қабылданған не мақұлданбаған, жақсы не жаман барлық материалдан сценарий процесін үнемі тексеріп отырасыз. Сценарий жазу бұдан былай қағаз бетіндегі мәтінмен шектелмейді. Компью- терге енгізілетін компакт дискілер, СD-ROM , флеш карта және дыбыс карта- лары фотосуреттерді, кинокадрларды және саундтректі сценарий жобасына интеграциялай алады. Видео, сурет және мәтінді ұялы телефоннан және ұялы телефонның өлшеміндей flip миникамерасынан бірден компьютерге жіберуге болады. Делавэр университеті, сценарий жазу мамандығының профессоры Мар- сия Пиплз Халио: «Cтуденттер көбінесе компьютерді өте қымбат баспа машин- касындай көреді, қайта оны молынан пайдаланғаны дұрыс... Олар мәтін үзіндісін бұғаттап, оны қалай жылжыту керегін, онлайн ревизияны қалай аяқтау қажетін және жазбасына экранның бір жартысынан қарап әрі бір уақытта жұмысын әзір- леу үшін бөлінген экранда қалай жұмыс істеу керегін білуі шарт», – деп мәлім- дейді. Компьютерлік бағдарлама жыл сайын жетіліп, үнемі өзгеріп отырады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==