Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

93 Формат пен стиль Мазмұнында еш айырмашылық жоқ дегеннің өзінде, бәлкім, эстетикалық айырмашылық бар шығар? Мұның автормен тікелей ұқсастығы бар ма? Бірде- бір зерттеу әлі мардымды жауап ұсынған емес. Бірақ бұл мәселе біраз уақыт- тан бері қозғалып келеді. Дәл осының сіз үшін мәні зор, себебі алдағы уақытта қаламгер ретінде түрлі жазу әдістерін пайдаланып, сценарий дайындайтын күн сізге де туады. Мысалы, жарнама агенттігінде, келіссөз жүргізу жиынында жар- наманың сабақтастығын қайта қарауды сұрауы мүмкін. Эфирге бірнеше минут қалғанда, мәтінді қайта жазып, жаңалықтар топтамасына материал қосуды өті- нуі мүмкін. Деректі фильм түсірілімі кезінде шығармашылық топ пен субъекті- лер дайын болғанша, жаңа, өзгертілген сұрақ-жауап, өткелдерді әзірлеп қоюы- ңыз шарт. Алдыңызда жатқан қағаз-қаламмен, сондай-ақ ноутбукпен мұқият ойланып, тез жаза білуіңіз керек. Күллі білгір қаламгер сценарий авторы мен жазу құралдары арасында қан- дай атмосфера бар екенін өзіңізге айта жатар. Баспа машинкасы пайда болған- ға дейін қаламгерлер қалам, қарындаш немесе басқа да құралдардың көмегімен жазды. Кейбір авторлар күні бүгінге дейін тек қалам не қарындаш қолданады, механикалық құрылғымен дұрыс дүние жаза алмайтынын сылтауратады. Ал біразы ойын тек жазу машинкасымен жеткізетінін түсіндіріп жатар. Жа- зушылардың тұтас буыны тұңғыш дүниелерін жазу машинкасынан шығарып жетілдірді, қаламмен не қарындашпен жаза алмайтындай сезінеді. Бұған қоса, олар компьютерде жұмыс жасап, түзету енгізуге қажет механикалық қадамдар – идеяның шарықтай түсуіне, шығарманың мәйегін ұйытуға мүмкіндік бермейді деуі мүмкін. NPR радиосындағы Open Source бағдарламасы компьютердің сценарий жазуға әсерін талқылап, «жазба тіл мен баспа станогы сияқты желілік есептеулер қо- ғамда әлеуметтік төңкеріс жасады» деп байлам жасады. Жазба тіл есте сақтау қа- білетінің орнын басса, енді компьютер – ойлау қабілетінің орнын басты. Осыдан соң, компьютер жазу құралы ретіндегі рөлінен интеллект агентіне айналды ма? Қазіргі ұрпақ – студент жастар – сценарий жазу әдісінің жаңа дәуіріне көшті. Бастауыш сыныптан компьютерлік курс ұсынатын мектептерде жас қаламгер- лер компьютерді ең қарапайымжазу құралы деп қабылдайды. Расында, компью- тердің кез келген жазушымен арасындағы симбиотикалық байланысын былай қойғанда, өте тиімді жазу құралы. Бұл редакциялау уақытын үнемдейді. Әп-сәт- те қайта дайындауға мүмкіндік береді. Жөн-жобасымен кәдеге жараса жазушы өнімін кез келген тәсілден әлдеқайда жылдам шығаруға мүмкіндік береді. Соның арқасында әр қиянда отырған авторлар бір мезгілде бір сценариймен жұмыс іс- тей алады. Қаламгерге сценарийдің кез келген жеріне қалаған дереккөзден ақпа- рат, идея және материалды сол мезетте алып-қосуға жағдай жасайды. Көп жа- зушы үшін кенеттен шабыт келіп қалғанда, сценарий идеяларын жазып алатын медиумға айналған мейрамхана майлықтарын, енді ноутбук алмастырды. Газет және теле-радио редакциялары да компьютерге жүгінеді. Компьютер- дің жазу шеберлігіне ықпал ететін механикалық әсерінен секем алатын драма- тургтер қалай болғанда да, материалды компьютерден-компьютерге трансфер- леу артықшылықтарын пайдаға жаратуға ұмтылады, бұл оларға жазған дүние- сіне қатысты сынды дер кезінде қабылдауға және мұндай көмекті молынан жа- ратуға жол ашып, ортақ әрі шапшаң өнімділік ұсынады. Компьютерлік бағдар- лама телевизия, кино және радиосценарийге арналған әрі осы тарауда бұрын қарастырылған негізгі форматтарды назарыңызға ұсына алады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==