Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

3-ТАРАУ 92 беру мекемелері – ақпараттың негізгі көзі. Интернет арқылы кез келген субъект жайында мәлімет таба аласыз. Ресми биліктен немесе арнайы, тіпті құпия мүд- деге қызмет ететін сайттардан ақпарат алуға мүмкіндігіңіз мол. Мысалы, Google кез келген субъекті жайында ұшан-теңіз дерек ұсынады. Интернетті пайдалану жеке-дара далалық зерттеу жүргізу қажеттігінен арылтпайды, бірақ ақпарат із- дестіруді мерзімінен бұрын аяқтауға және сценарийді қысқа мерзімде дайындау- ға мүмкіндік беріп, уақытыңыз бен күшіңізді үнемдейді. Ескерту : кез келген адам жоғары білімі бар-жоғына қарамастан, интернеттегі сайтты ашып, қолдана алады, бірақ кейде алынған ақпарат қаншалық жарамды не күмәнді екенін білу қиын. Интернеттен алынған кез келген материалды пайда- ланбас бұрын мәліметтің беделді сайттан алынғанына көз жеткізіп, анық-қаны- ғын, көпшілік білетін, сенімді ресурстар арқылы қайта-қайта тексеріп, абыройды сақтаңыз. Мәселен, Wikipedia -ға мәліметті кім көрінген қоса алады, мұндай сайт көбінесе сенімнен жұрдай қылады. Нақтылықтан тамыр алған ақпаратпен қаруланып алыңыз. Алайда сіз әділет- ті болуға сыңай танытпасаңыз қайтпексіз? Бәлкім болмысыңызды радиостанция құрылтайшысының саяси көзқарасының ығына жығып, демеушінің тапсырыста- рын ойдағыдай орындау үшін тура жолдан адастыратын жарнама жасау мақса- тында, яки тұтынушыларға ұнамай қалуы мүмкін даулы мәселелерді болдырмау үшін пьесаға не деректі фильмге автоцензура жасауға мәжбүр шығарсыз. Қайт- кен күнде де көңіліңіз қаласа, барынша адал әрі әділетті болыңыз. Бойыңыздан адалдық пен батылдық табылсын. Тоқ етері, қабілетіңіз бен дағдыңызды шыңдай түсіңіз. Медиа әлемдегі бар саланы қамтымай кетпейді. Сондықтан сценарий авторы ретінде, эфирге не ин- тернетке бағдарлама дайындайтын бесаспап маман ретінде, әсіресе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласынан – тарих, саясаттану, әлеуметтану және пси- хология саласынан жан-жақты әрі мол тәжірибе жинаңыз. Кітап, пьеса, кино, телевизиялық және радиосценарийлерді көп оқып ізденіп, ақтарыңыз. Дайын дүниелерден контент пен жазу техникаларына машықтаныңыз. Жақсы жазу - шы, ең алдымен, жақсы оқырман болып алсын! КОМПЬЮТЕР Шекспир пьесаны қауырсынмен емес, баспа машинкасында жазса, «Гамлет» мүлде басқа пьеса болып шығар ма еді? Артур Миллердің «Коммивояжер өлі- мі» компьютерде немесе мәтіндік процессорда жазылған болса, өзгеше шығар ма еді? Материалдың нақты бір бөлігіне зер салыңыз: репортажды, жарнаманы және деректі фильмді алайық. Материалды қарындашпен қағазға түсірсе, әлде баспа машинкасымен не компьютермен терсе, бірдей болар ма еді? Сіз бір ма- териалды әртүрлі медиумға арнап жазғанда және бір материалды бір ғана ме- диумға әртүрлі медиум техникасын пайдаланып жазғанда айқын айырмашы- лықтарды байқайсыз. Бұл қағида сценарий жазуда түрлі құралды пайдалануға да жарай бере ме? Кей авторлар жазу құралдары шығармашылық процесте се- зім мен ритмге әсер ететінін алға тартады. Бәлкім, драмалық сценарий немесе ситкомды компьютердің механикалық ритмі мен жылдамдығына баптағаннан гөрі қолмен жазса, кейіпкер ұзақ әрі баяу дамып, оқиға бірқалыпты ырғақпен өрбіп отыратын шығар?! Егер суретші картинасына май, көмір немесе акварель пайдаланса, қандай да бір айырмашылық бола ма?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==