Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
91 Формат пен стиль Аббревиатура Кейбір ережеге бағынбайтын сөздер болмаса, аббревиатураны қолданбағаны- ңыз жөн. Материалды орындаушы оқып, есте сақтап және дауыстап айту үшін жазып отырғаныңызды естен шығармаңыз. «Dep’t» және «corp» деп жазсаңыз, орындаушы оларды D-E-P-T және K-A-W-R-P деп дыбыстап айтқанын қалайты- ныңызды білдіреді. «Департамент» және «корпорация» деп сөзді толық ашып жазыңыз. Мистер (Mr.), профессор (Prof.) және Доктор (Dr.) сияқты бұрыс ұғыны- луы немесе бұрыс айтылуы мүмкін емес жалпы терминдерді ашып жазбаса да болады. Әдетте AT&T, YMCA және CIA сияқты қысқарған формада айтылатын терминдер сценарийде сол күйі қалғаны дұрыс. Бір жағынан, аббревиатура ре- тінде кездесетін, бірақ толық айтылатын жалпы терминдер қысқартылып көр- сетілмеуі керек. Мысал ретінде ай, апта күндерін алайық. Дүйс., 29 ақп. деген сөйлемді Дүйсенбі, 29 ақпан (немесе тіпті «жиырма тоғызыншы») деп жазған жөн. Нақтылық және ақпарат іздестіру Пьеса, деректі фильм немесе жаңалық жазсаңыз, алдымен қолыңызда мол дерек бар екеніне көз жеткізіңіз. Драма декорациясын қалалық орта мектепте қойсаңыз, сол ортада студенттер мен оқытушылардың қандай екенін және бұл мектепте физикалық, психологиялық, әкімшілік, академиялық және әлеуметтік ахуал қандай екенін нақтылап біліп алыңыз. Содан кейін сіз дыбыстағы басы артық элементтерді сылып тастап, пьесаға сай элементтерді драмаға икемдей аласыз. Балаларды зорлайтын және сексуалды қорлайтын діни қызметкерлер туралы мақала жазсаңыз, түрлі оқиғаға ғана емес, сондай-ақ нақты сценарийді әзірлеу үшін қажет адамдар, олардың шығу тегі, шіркеу жайында мәліметке және басқа да деректерге қанық болғаныңыз абзал. Ақпаратты жан-жақты іздестіріп үйреніңіз. Сценарийдің сәтті немесе сәтсіз шығуы дайындық кезеңінде анықталады; сценарий жазу – процестің бір бөлі- гі ғана. Зерттеуді қайда жүргізген жөн? Барлық жерде. Оқулықтағы форматқа қатысты әрбір тарау нақты бір бағдарлама жанрына нобай немесе сценарий да- йындау кезінде материал жинау туралы ақпаратты қамтиды. Сұхбатты дайын- дау кезінде тексерілуге тиіс әртүрлі ақпарат көзін сипаттайтын 7-тараудағы «Ақ- парат іздестіру» бөліміне ерекше назар аударыңыз. Шын мәнінде, көптеген бағ- дарламалар, желілер, радиостанциялар мен продакшн шаңырақтары осындай ақпарат іздестіруге адамдарды бөлек жалдайды. Бұл еңбек жолын енді бастаған түлектер үшін таптырмас қызмет. Негізінен, бірнеше дереккөз бар. Әуелі, өз біліміңіз бен жинақтаған тәжіри- беңізге зер салыңыз. Қандай да бір тақырып бойынша жадыңыздан шығарып алған ақпаратты әп-сәтте есіңізге қайта түсіріп, таба аласыз. Қанша ғұмыр кеш- кенімізбен, білетініміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз, сондықтан алда үйренеріміз әлі көп. Кітап, журнал, газет, фотосурет, күнделік, хат, аудио және видеожазбалар секілді тасқа басылатын мәліметтердің маңызы зор. Нақты бір мәселені бастан-аяқ білетін немесе әлдекімді жыға танитын адамдар жақсы де- реккөз бола алады, бірақ біржақты тұжырым болмас үшін мұндай тұлғалардың неғұрлым көп өкілінен сұрастырған дұрыс. Кітапхана, жұмыс орны, ұйым және қауымдастық, қатысушылар, видео және аудиомұрағаттар, туған-туыс, көрші- қолаң мен жора-жолдас, оқиға орындары, артефактілер, мұражай және білім
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==