Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
3-ТАРАУ 90 Осы бөлімнің басында кездескен спорт тақырыбындағы сценарий үлгісін есте сақтаңыз: әңгімеге тартатындай ебіңіз болсын. Сөзді орнымен қолдану Сөзді орнымен қолданғаныңызға көз жеткізіңіз. Ағылшын тілінде көпмағына- лы біраз сөз бар. Кейде, тіпті контекстің өзінде сөздің мағынасы дұрыс алынбауы мүмкін. Өзіңіз қолданған әрбір сөз ойыңыздағы мағынаны білдіретініне, оның басқа мағына беріп тұрмағанына және ойыңызды түсініксіз етіп көрсететіндей абстрактілі немесе көмескі емес екеніне көз жеткізіңіз. Үстеліңізде үнемі сөздік жатсын. Түсіндірме сөздігіне жүгініңіз. Грамматика, пунктуация және орфоэпия туралы оқулықтар жаныңызда болсын. Осы ретте ағылшын тіліндегі орфоэпиялық емлелердің жүйесіздігін ескере отырып, прези- дент Эндрю Жексонның «сөзді дұрыс жеткізудің бірнеше тәсілін ойлап таба ал- майтын ақыл – өте кедей ақыл» дегенін мойындамасқа амал жоқ. Әйтсе де сөзді дұрыс пайдалану – кәсіби сауаттылықтың бірден-бір белгісі. Мысалы, сіз its және it’s , your және you’re, there және their, then және than сөздерінің өзара айырмашылы- ғын білесіз бе? Кәсіби салаға бой түзеген кезде осындай сөздерден қате кетсе, әлі де сол баяғы шыңдалмағаныңыз, шалағайлығыңыз көрініп қалады. Редакцияда болып көрсеңіз және телеграф аппаратынан сценарий нұсқасын шығарсаңыз немесе интернеттен парақты басып шығарсаңыз, телеграф қызме- ті күрделі сөздердің фонетикалық айтылуын сценарий түсіндірмесінде немесе оқиғаның басында не соңында орналастыратынын есте сақтаңыз. Қолданған сө- зіңіздің дұрыс айтылатынына күмән келтірсеңіз, сіз де жоғарыда айтылған әдіс- ті пайдаланыңыз. Мысалы, «Тілшілермен кездесудегі» (Meet the Reporters) ар- найы қонағымыз – Ворсистер (Worcester) (ВУСТЕР – WOOSTER) штатының өкілі Жо Чолмонделей (ЧАМЛИ – CHUMLEE) . Сценарийді аяқтағанда, оны дауыстап оқып, қолыңыздағы нұсқасын тағы бір оқып шығыңыз. Продюсерге немесе сце- нарий редакторына сценарийдің таза нұсқасын жіберу қажет болса, сценарий- ді қайта көшіріп жазыңыз. Немқұрайды, кәсіби емес жазушының сыры – қатесі өріп жүрген, ұқыпсыз дайындалған сценарийден білініп қалады. Пунктуация Пунктуация басқа сценарий түрлеріне қарағанда, хабар дайындау сценарий- лерінде үлкен қызмет атқарады. Пунктуация орындаушыға қайдан бастайты- нын және қай жерде тоқтайтынын көрсетеді. Ол қай жерде кідіру керегін, көп нүкте арқылы (...); сәл кідірісті, сызықша арқылы (–); екпінді, леп белгісімен (!); сұрақ, қоюды сұрақ белгісімен (?) және басқа да уақыт және интонация белгіле- рін көрсетеді. Төмендегі сөйлемдерді қалай оқыр едіңіз? ■ ■ Ол оны жақсы актер деп санайды. ■ ■ Ол оны жақсы актер деп санайды! ■ ■ Ол оны жақсы актер деп санай ма? ■ ■ Ол оны... жақсы актер деп санайды. Сөздің немесе сөйлемнің астын сызу – дауыстап оқу кезінде оған ерекше екпін түсіру керектігін көрсетеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==