Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

89 Формат пен стиль Аудиторияның әрбір мүшесі түсінетін сөзді қолданыңыз. Паңдана сөйлеп кө- рерменге немесе тыңдарманға жаңа сөз үйретемін деп қара үзіп қалмаңыз. Үй- ретудің ең ұтымды тәсілі – сценарий мазмұны мен мақсаты арқылы идеяны жет- кізу. Ойыңыз нақты әрі қанық болған сайын, аудитория да оны жақсы ұғынып, қағып алады. Кейде жай сөздің қисынын табу – қиынның қиыны, өйткені бір уақытта клише мен қарабайыр сөзден аулақ болуды да ойлайсыз. Танымал пианистің қатысуы- мен дижей жүргізген шоудың сценарисі түскен бейшара күйін қараңыз. «Пер- нені ермек етесің бе?», «Қара мен ақты ырғақпен теріп отырсың ба?», «88-ді ду- мандатасың ба?». Әрине, мұндай жауыр сөздерді қолданбайтыныңыз хақ. Бірақ «пианинода ойнау» деген сөзді қанша рет қайталамақсыз? Бір нәрсені басқаша жеткізудің жаңа жолын іздеңіз, егер жауыр, астам, ма- ғынадан жұрдай сөздерге тап бола берсеңіз: онда жай ғана ойыңызды жеңіл әрі тура жеткізіңіз. Өзіңіз сөз арасында жиі айтатын, бірақ көпшілікке бейтаныс сөздерді пайда- ланбаған абзал. Оқыған маман ретінде жалпақ жұртпен салыстырғанда, сөздік қазынаңыз мол болсын. Күллі елді аузына қарататын күн туғанда, жұрт сізді сө- зіңізге емес, сый-қадіріңізге қарап ұйып тыңдайтын болар, осы сәтте аудитория басқа кезде қаперіне де алмайтын сөз бен идеяларды оң жамбасқа түсіріп, өз пайдаңызға жарата аласыз. Аудиторияның санасын көтермей-ақ қойыңыз де- мейміз, ең әуелі, аудиторияны бабына келтіріп алмасаңыз көтеретін санадан ма- құрым қаласыз. Грамматика Пьесаңызға ойлап шығарған кейіпкеріңіз көркем туынды кейіпкеріне тән ма- қамда сленг қосып не грамматикалық тұрғыдан сөзді бұзып сөйлеуіне болады. Кей кездері сленг жарнаманы немесе тұлғаның болмысын дәл ашады. Одан бө- лек, идеяңыз дұрыс жетіп, қабылданғанын қаласаңыз, орынды әрі ұтымды грам- матиканы пайдаланған жөн. Грамматикалық қатесі бар жаңалықтың сценарийі жүргізушіні ұялтып қана қоймай, жұмысынан айырылуға әкелуі мүмкін. Алай- да орынды грамматика оқуға не түсінуге қиын жасанды сөйлемнен немесе сөз тіркесінен тұрса, онда сөздің қысқа формасын пайдаланған дұрыс. Көп жағдайда қысқа сөйлем қисынға келмейтін толық сөйлемнен әлдеқайда жақсы. Дәл қазір оқып отырған сөйлеміңіз – соның жарқын мысалы. Етістік Сөйлемді осы шақта, әрекет жасаушы немесе әрекетке ықпал еткен субъек- тіні көрсете отырып жазыңыз. «Өткен түні армияның шабуылынан тағы бір кө- теріліске шыққан ауыл жойылып, біраз әйел мен бала өлтірілді», – деп грам- матикалық жағынан дұрыс айтуға болады, бірақ «армия өткен түнде тағы бір көтеріліске шыққан ауылды жойып, біраз әйел мен баланың өмірін қиды» деп жазсаңыз әрі орфографиялық жағынан дұрыс, әрі ұтымды шығады. Кинода көп- тің көзайымына айналған Жорж Старварсты сұхбат сценарийінде таныстырып: «Х планетасының роботтары» (Robots of Planet X) атты жаңа фильм өткен аптада Жорж Старварстың қолынан шықты», – деп хабарлауыңызға болады, әрине. Бі- рақ: «Өткен аптада Жорж Старварс «Х планетасының роботтары» деп аталатын жаңа фильмін аяқтады», – деп айтсаңыз әлдеқайда жақсы естілері даусыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==