Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
3-ТАРАУ 88 жетіп, әсер ететіндей етіп жазуыңыз керек, әйтпесе өзіңіздің де, өзгенің де уақы- тын текке ұрлайсыз. «Масс медиа» термині көпті білдіргенімен, теле-радиолық коммуникация процесі – шын мәнінде, оңаша сөйлесу деген сөз. Жүргізуші микрофон алдында, камера алдында сөйлесе, ал қабылдаушы үйінде отырады. Сондықтан материал- ды жүргізуші аудиторияның қонақүй бөлмесінде емен-жарқын презентация жа- сап отырғандай жазу керек. Жүрекке жеткізіп, ерекшелеп жазыңыз. Демографика нақты бір аудиторияны түсінуге және оған жол табу үшін өте маңызды. Жазу стилі мен мазмұнын, мүм- кіндігінше, аудиториямен, аудиторияның әрбір мүшесімен теңестіруге тырысы- ңыз. Шынайы шықсын. Жас авторлар көркем тілді – биік талғам (асқақ стиль) деп түсінеді, ал қарапайым жалаң сөйлемдерді нашар стильмен шатыстырады. Әл- бетте, даңғойлықтың тұзағынан құтылу үшін кім-кімге де уақыт керек. Әсіресе электронды медиаға қатысты бұл сөзіміздің жаны бар. 1-тарауда драматургтың жалындаған, күрделі отыз беттік диалогы 30 секундтық қысқа визуалды сцена- рийге сыйып кеткені жайлы ескертпені есіңізде сақтаңыз. Мәселен, мына мәнерде жазудан аулақ болыңыз: «Солтүстік ормандарды шарпыған өрт – жоғары сапалы құрылысқа жарайтын ормандағы 70 мың шаршы метрдегі ағаштың көзін жойды, құрылып үлгермеген жеке қоныстардың күлі көкке ұшып, бүлінген ағаш бастарынан асып, бір топ жарық қоңыз секілді көкке ұшты да, бос кеңістікке сіңіп кетті». Есесіне ақпаратты былай жазып үйреніңіз: «Солтүстік ормандардағы өрт алты бөлмелі 100 шаңырақ көтеруге жететін тал-дарақтың көзін жойды, будақтаған түтін мен жалын 65 шақырым қашықтан көзге шалынады». Жас спорт шолушысы ретінде танылған жазба авторы оқиғаны барда немесе қонақүй бөлмесінде қаумалап отырған бір топ адамға баяндап отырғандай елес- теткен соң ғана, жазу стиліншыңдай түсті. Кейіннен бір топ адамнан жеке адамға ауысып, стилін теле-радио медиасына бейімдейді. Сценарий жазып отырғанда көз алдыңызға кәдімгі көрерменнің немесе тыңдарманның сұлбасын келтіріңіз, яғни сіз онымен бетпе-бет, оңаша «тілдесіп» отырсыз. Бастысы: жұмыр, қысқа да нұсқа, жатық тілде жазыңыз. Жатық тіл Эрнест Хемингуэйдің журналист және жазушы ретіндегі стилі электрон- ды медиаға ұтымды бейімделер еді десек, артық айтпаспыз. Хемингуэй жас қаламгерлерге «тілді бөтен сөзбен былғамай, таза беруді» нұсқады. Жай сөз- бен тура жеткізіңіз. Үш буынды сөз орнына екі буынды сөз қолданыңыз. Бұл – арнайы аудиторияның емес, аурал және визуал коммуникацияның өзегі. Элек- тронды медиада сөз тез айтылатындықтан, мұнда аудиторияға оқырман секілді сөз не сөйлемнің нюанстары туралы ойлап, сораптап, ләззат алып отырар мол мүмкіндік жоқ, бір сәт дамыл жоқ. Қағазға басылған оқиғаны оқығанда, әңгіме- нің орта тұсында оқығаныңды қорыту үшін оны баяу қайта оқуға немесе сәл кіді- руге мүмкіндік болса, іс-әрекетті телевизия немесе радиохабарда тоқтату мүмкін емес (оны TIVO немесе DVD-де көріп отырған жағдайды есепке алмағанда).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==