Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
87 Формат пен стиль (Қызметші елең етпей, қолындағысын қағып тұр). ЖЕК: (жалғастыра түседі, сәл-пәл кідіріс, ашуланып). Әй, мистер! Меңіреумісіз, әлде қалай? Сізден не болып жатыр деп сұрап тұрмын! Сценарий форматының алдыңғы бағыттары мен иллюстрациялары Америка Жазушылары гильдиясының (Writers Guild of America, East, Inc.,) « Кәсіби қаламгерлердің теледрама/ киносценарий форматы» (Professional Writer’s Teleplay I Screenplay Format) буклеті бойынша, East, Inc., Жером Куперсмит авторлығымен ұсынылды. Безендірген – Кэрол Кардон. СТИЛЬ Құлаққа және көзге арнап мәтін жазу Телевизия мен радиоға арнап мәтін жазу курсын өткенге дейін, бәлкім, сіз- де бастауыш мектептегі оқу, жазу және арифметика сабақтарынан, кейінірек университет қабырғасындағы әдебиет, поэзия және шығарма жазу дәрістерінен баспасөзге арнап мәтін жазу бойынша онжылдық тәжірибе жинақталған болар. Бірақ электронды медиаға арнап мәтін жазу курстарының басын ғана шолып, тіпті өйтпеген де шығарсыз, бірақ жер бетіндегі адамдардың басым көпшілігі баспасөзден гөрі, көріп-естіп хабар алмасады. Теле-радиоға арнап жазылған сценарий қысқа да нұсқа болсын. Баспасөзге арнап жазған жаңалығыңызды, шығарма, роман, қысқа әңгіме немесе басқа фор- мадағы жазбаңыз барынша әсерлі шығу үшін төгілтіп немесе жұмырлап жазуға мүмкіндігіңіз болса, теле-радиоға арнап жазған дүниеңіз қайткен күнде де уа- қытқа байлаулы болады. Мәселен, газеттегі жақсы мақала жүз сөзден мың сөзге жалғасып кете береді. Дәл сол мақала радиода не телевизияда 30 секундқа сыяды және 100 сөзден аспауы керек. Өте маңызды жаңалық болса, 90 секундқа немесе 2 минутқа созылады. Төрт, алты сағаттық немесе одан ұзақ минисериал жазу бе- лесін әлі бағындыра қоймасаңыз, жазбаңыз баспасөзде роман немесе драма маз- мұнымен тең болатын, бір сағаттық шоуға арналған 42 минуттық немесе жарты сағаттық шоу үшін 21 минутқа сыюы керек. Тілге жеңіл жатық жазылсын. Тыңдарман немесе көрермен не туралы жазылға- нын толық ұғыну үшін ресми немесе бас қатырар күрделі үзінділерді қайта-қай- та оқып отыра алмайды. Теле-радиода мессеж тек бір рет естіледі не көрінеді. Сценарийдің ресми тілі мен мазмұн құрылымы кейбір деректі фильмдерге және жаңалық/ток-шоуға жарағанымен, алдыңғы материалды тәптіштеп отырған ау- дитория мүшелері іс-әрекеттің келесі бөлігін жіберіп алып, ілесе алмай қалады. Нақты жазыңыз. Түсініксіз жалпылама түсірілім немесе ақпарат аудиторияны шатыстырады әрі арнаны ауыстыруға мәжбүрлейді. Ұсынылатын өнім көруге не естуге арналса да, түсінікті әрі анық екеніне көз жеткізіңіз. Жұмбақтау баспасөз- де оқырманды еліктіргенімен, эфирде іш-пыстырарлық көңілсіз шығуы мүмкін. Бұл сізге төмен деңгейдегі түсінік пен интеллектіде жаз дегенді білдірмейді. Ұсы- натын контентіңіз салмақты әрі күрделі шығар, бірақ аудиторияның жүрегіне
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==