Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
3-ТАРАУ 86 ФРЕД: (мұңайып). Осы жағымды дауысты қайда жүрсем де жазбай танимын. Ертең көріскенше. ЖЕК: Ақша ала кел! (Фред өзін күтіп тұрған әйеліне қарай жүреді, ал КАМЕРА Жекке ЖАҚЫНДАЙДЫ. Ол станцияның көлік тұрағын көзімен шолып шықты. Арқа жағынан станциядан ұзаған пойыз көрінеді). ЖЕКТІ ТҮСІРГЕН СУБЪЕКТИВТІ КАМЕРА – ПАНОРАМАЛЫҚ КАДР – СТАНЦИЯДАҒЫ КӨЛІК ТҰРАҒЫ. Қазір онда бірде-бір көлік жоқ. Жаздың аптап желімен бір жапырақ қағаз тұрақ айналасында ұшып жүр. ЖЕККЕ ҚАЙТА ОРАЛУ. Ол бос көлік тұрағына көз алмай қарап тұр. Мазасы кетіп, біраз алаңдаулы. Апыл-ғұпыл шешім қабылдап, дүңгіршекке қарай бұрылды. ЖЕК: (шақырады). Такси! (Бір мезетте такси жанына келеді, Жек көлікке отырады). МИКС: ЭКСТЕРЬЕР. ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ ТАМАША КӨШЕ КӨРІНІСІ – ЫМЫРТ, ЖОҒАРЫ РАКУРСТЫ ПЛАН – КӨШЕ МЕН ҮЙЛЕР. Такси отарлау дәуіріне тән стильдегі ақ үйдің алдына кеп тоқтайды. Жек көліктен түсіп, ЖҮРГІЗУШІГЕ жолпұлын төлейді. Такси гүрілдеп, ызғыта жөнеледі. ІРІ ПЛАН – ЖЕК. Ол үйге қарай бет алып, кілт тоқтайды – жүзінен абдырап қалғаны байқалады. ЖЕКТІ ТҮСІРГЕН СУБЪЕКТИВТІ КАМЕРА – ҮЙ. Шөп қаулап өсіп кеткен. Бурыл шашты ҚЫЗМЕТШІ терезеге ағаш тақтайларды қағып жатыр. ЖЕКТІ ПАНОРАМАЛЫҚ ПЛАНДА ТҮСІРУ. Ол үйге қарай жақындап, қызметшінің қасына кеп тоқтайды. ЖЕК: Мұнда не боп жатыр?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==