Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

85 Формат пен стиль Сахна, кейіпкер және іс-әрекеттердің сипаты бір бетке жазылады: мұнда музыка және саунд эффектілері де теріліп басылған. КЕЙІПКЕР (Кейіпкердің сөйлеу мәнері). Диалогтың нақты желісі осында көрсетіледі. Екінші кейіпкер. Осында сөйлейді. Үшінші кейіпкер. Осында сөйлейді. Барлық диалог беттің қақ ортасындағы бағанға салынғанына зер салыңыз. Қосымша сипаттамалар мен камера қозғалысы қажет жағдайда осы мәнерде теріліп жазылады. Өтпелі нұсқаулар (кадрдың шорт кесілуі, еруі және т.б.). Ескертпе: кәсіби қаламгер өтпелі нұсқауларды өте сақ қолданады, себебі мұндай шешімдердің көбін режиссердің еншісіне қалдырады. Тек белгілі бір эффект қажет кезде, JUMP CUT немесе SMASH CUT сияқты өткел мәнері көрсетіледі. Келесі көрініс немесе камера планы осында теріліп жазылады. ҚАРАУЫТУ ЭКСТЕРЬЕР. ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ – ТҮС АУҒАН ШАҚ, ЖАЛПЫ ПЛАНДА. Бұл жаздың ыстық күнінде кеш қарая бастаған сәт. Пойыз станцияға жаңа тоқтады, жолаушылар сыртқа ағылып жатыр – кейбіреулері күртешелерін иығына асып алған, көбі галстугын босатып қойған. Станция сыртында бірнеше ӘЙЕЛ жолаушылап кеткен күйеулерін машинада күтіп отыр. Көліктердің у-шуы, жан-жақтан абыр-сабыр гуілдейді. Екіадамдық орта план – Жек Доббс және Фред Мэкаллистер. Олар пойыздан жаңа ғана түскен, орта жастағы балаң бизнесмендер. Жек – мойны жуан, басы таздана бастаған, шымыр денелі жігіт ағасы; денесі тығыншықтай қашаннан бергі атлет. Фредте қала адамдарына тән қозықарындық әрі бүкірлік бар; құрғақ мартини мен электрлі гольф-көлікке жаралған жан. ФРЕД: Ала кетейін бе? ЖЕК: Жоқ, рақмет, Жоан жеткізіп салады. (Айналасындағы көліктерге көз тастайды. Білуімше, кептеліске түсіп қалған сыңайлы. Кенет кілт тоқтаған машина даусы естіледі).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==