Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
3-ТАРАУ 84 ларды қалай пайдалану керек, талантты қалай жылжыту керек немесе камера- ның кадрлары қандай болу керек» деп айтпаңыз. Бұл режиссердің міндеті мен айрықша құзыреті. Дегенмен визуалды мессеж қандай болуы керек екенін дәл беріңіз; «ойыңызда берген сипаттама дәл ойлағандай қабылданбауы мүмкін бе?» деген қандай да бір сұрақ туындаса, қажет жағдайда видеобағытты түртіп, нақ- тылап көрсетіңіз. Экранизацияланған телеспектакльге арналған кәсіби сценарий нұсқауының та- маша декорациясы Америка Жазушылары гильдиясы шығарған « кәсіби қаламгер - лердің теледрама/киносценарий форматы» ( Professional Writer’s Teleplay/Screenplay Format ) буклетінде бар. Гильдия ұсынған негізгі форматтың бағыттары берілді: 1. Камераның барлық бағыты, әр көріністің сипаты және сахна бағыттары әр бетте, басынан аяғына дейін теріліп жазылады. 2. Барлық диалог беттің ортасынан жүретін ені 8 сантиметрлік бағанда те- ріліп жазылады. Сөйлейтін кейіпкердің есімі диалогтағы өз жолағынан сәл жоғары тұрады. Жолақтағы сөздер қалай айтылуға тиіс деген секілді, айқындаушы (түсіндірме) белгілер кейіпкердің аты көрсетілген жерден төмен әрі сәл сол жаққа қарай теріледі. 3. Жалғыз интервал жол барлық диалогта, камера бағытында, көрініс бағы- тында және сахна сипатында қолданылады. 4. Екі интервал бір кейіпкердің сөзі мен екінші кейіпкердің сөзі арасында, сөйлеу мен камера немесе көрініс бағыты арасында, сондай-ақ камераның бір кадры мен басқа кадры арасында қолданылады. 5. Кадр өткелі әдісі (мысалы, еру) екі кадр арасында көрсетілгенде, ол қос көріністен екі интервал қашықтықта бөлінеді. 6. Төмендегі сценарий элементтері әрдайым бас әріппен теріледі: КАМЕРА ПЛАНЫ ЖӘНЕ КАМЕРА БАҒЫТТАРЫ. ИНТЕРЬЕР НЕМЕСЕ ЭКСТЕРЬЕР (ішкі немесе сыртқы көрініс). ЛОКАЦИЯНЫ КӨРСЕТУ (көрініс басында). ТҮНГІ НЕМЕСЕ КҮНДІЗГІ МЕЗГІЛДІ КӨРСЕТУ (көрініс басында).Өткел тәсілі (егер көрсетілсе). Барлық кейіпкердің аты (олардың айтатын диалогы жоғарыда көрсетілгендей және олар сипаттаушы абзацтарда алғаш аталатын кезде). Гильдия буклетінде сценарийдің мынадай үлгісі келтіріледі, бірінші бөлігі формат тәсілдерін түсіндіреді, ал кейінгі беттер нақты оқиға материалы мен ба- ғытын қалай ұсыну керегін көрсетеді. БІРІНШІ АКТ (Акт белгілері қазір тек теледрамада қолданылады). ҚАРАУЫТУ ЭКСТЕРЬЕРДЕГІ НЕМЕСЕ ИНТЕРЬЕРДЕГІ ЛОКАЦИЯ – КАМЕРА ПЛАНЫМЕН КҮНДІЗГІ НЕМЕСЕ ТҮНГІ МЕЗГІЛДІ БЕЛГІЛЕҢІЗ – КАМЕРАНЫҢ ТҮСІРУ СУБЪЕКТІСІ ОСЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==