Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

83 Формат пен стиль ДЫБЫС: МҰХИТ ТОЛҚЫНЫ. ШАҒАЛАЛАР. ҚҰМДАҒЫ ЕКЕУДІҢ АЯҢЫ. МҰХИТ. АДАМДАР СУҒА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСКЕНДЕ, ДЫБЫС ЖАҚЫННАН ЕСТІЛЕ БАСТАЙДЫ. ГЛЭДИС: (ДЫБЫС ҮДЕЙДІ). Мұхит сондай керемет. Режинальд мен осы жағажайға алғаш рет 40 жыл бұрын келгенім әлі есімде. Жиырмада едім. РЕЖИНАЛЬД: Өзімді бұрын-соңды дәл қазіргідей әдемі сезінбеппін. ДЫБЫС: ЕМІРЕНЕ СҮЙІСЕДІ. РЕЖИНАЛЬД: Мен де. Пай-пай жиырмаңда да дәл бұлай жақсы көрмедік- ау бір-бірімізді. ГЛЭДИС: (ЕМЕУРІН ТАНЫТЫП). Жағажайдағы үйге қайтайық. МУЗЫКА. КӨПІР. ДЫБЫС: ГЛЭДИС ПЕН РЕЖИНАЛЬДТЫҢ БАСПАЛДАҚПЕН КӨТЕРІЛГЕН АЯҚ ЖҮРІСІ. ЕСІК АШЫЛАДЫ. РЕЖИНАЛЬД: (ҚУАНА-ҚУАНА). Неткен әсем таң еді бүгін! ГЛЭДИС: (ҚУАНЫШТЫ ДАУЫСПЕН). Расында, тамаша күн! СЦЕНАРИЙ НҰСҚАУЛЫҒЫ Радио продюсері Кристофер Аутуин аудиосценарий форматтары, көбінесе бөлек беттерден тұратынын атап өтеді: «Беттің сол жағы әдетте әрбір дыбыс ар- насына арналған техникалық нұсқаулар мен ресурстар үшін сақталған. Беттің оң жағы әдетте нақты аудиоконтентке, ішкі репликалар мен сыртқы репликаларға, сондай-ақ әңгіме немесе диалогтың өзін сипаттауға арналған». Аутуиннің ай- туынша, сценарий ақпараты шығармашылық топтағы инженер, режиссер мен команда мүшелері не істеу керек екенін, қашан істеу керек екенін дәл түсінуі үшін бәрін толық қамтуға тиіс, бірақ сценарийде барлығы баттасып тұрмауы керек. «Продакшн қызметкері өз орнын тауып, міндетін тез әрі шатаспай орын- дауға тиіс». Теледидар өндірісінің ұстаздары, сондай-ақ продюсерлер әдетте студиялық немесе мультикамералық продакшн үшін бөлінген екібағанды формат, ал бір- камералы продакшн немесе киносценарий үшін бірбағанды формат ұсынады. Автор ретінде ойыңызда аудитория көргісі келетін кадрлар болуы керек және оларды сценарийде сипаттап көрсеткен жөн. Бірақ сіз режиссерге экранда не көрсетілуге тиіс екенін айтқан кезде, оған мұны қалай көрсету керегін «камера-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==