Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

3-ТАРАУ 82 КИНО Төмендегі сценарийдің сол бағанындағы нөмірлер әрбір кадрға немесе эпи- зодқа қатысты болады. Нөмірлер белгіленген уақытта немесе күнде қай эпизод түсірілгенін оңай анықтауға мүмкіндік береді: «Мысалы, СЕЙСЕНБІ, таңғы 7:00- дегі қоңырау, қонақ бөлмесіндегі локация – 42, 45, 46, 78, 79, 82 эпизодтар». ҚАРАУЫТУ 1. ЭКСТЕРЬЕР. ЖАҒАЖАЙ – ТАҢСӘРІ. 2. ТОЛҚЫНДАР ЖАҒАҒА ҰРҒАН КЕЗДЕ ЖАҒАЛАУ БОЙЫМЕН ПАНОРАМАЛЫҚ ЖЫЛЖЫТУ. 3. ЭКСТЕРЬЕР. ЖАҒАЖАЙ – ТАҢСӘРІ. Алыстан мұнартып, құм мен шалқар судың ортасында тұрған екі адам сұлбасы көрінеді. 4. ӘЛГІ МҮСІНДЕР ЕР МЕН ӘЙЕЛ ЕКЕНІН АНЫҚТАҒАНША, КАДРДЫ БАЯУ ҮЛКЕЙТУ. 5. Ер адам мен әйел су жиегінде тұр, қол ұстасып, теңізден көз алмай қарап тұр. Жастары 60-қа таяған, бірақ жарқын келбеті мен дене мүсіні екеуін жастау көрсетеді. 6. Екеуі бір-біріне баяу бұрылып, сүйіседі. 7. Бетпе-бет бір-біріне жақын, түйісіп тұр. ГЛЭДИС: Мен 20 жасымда мұндай әсемдікті сезінбеген ем. РЕЖИНАЛЬД: (күлімсірей). Мен де, бірақ жиырмамызда дәл бұлай ғашық болмаған шығармыз. 8. ИНТЕРЬЕР. ЖАҒАЖАЙДАҒЫ ҮЙ. КІРЕБЕРІС. ТАҢЕРТЕҢГІЛІК СӘТ. ЕСІК АШЫЛАДЫ, ГЛЭДИС ПЕН РЕЖИНАЛЬД ҚОЛ ҰСТАСЫП, КҮЛГЕН КҮЙІ ІШКЕ ЕНЕДІ. Радио Дәл сол оқиғаны тек дыбыспен жеткізу үшін диалогтың қаншалықты көбірек қажет екеніне назар аударыңыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==