Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
3-ТАРАУ 80 Телевизия Қаламгердің қолайына жағып, құп алса телевизия үшін визуалды жазады, яғни құр айтқаннан гөрі көрсетіп қояды. Төмендегі бірнеше телевизиялық фор- матта автор режиссерге нақты визуалды эффектілерді беретін видеобағыттарды қосқан. Бірбағанды форматта қосбағанды форматтағы сияқты кейіпкердің аты кейде диалогтың сол жағына беріледі. Бірақ көп жағдайда диалогтың үстіңгі жағында, шамамен, жолдың ортасында орналасады. Мазмұндама немесе нобай Жастары шамамен алпысты алқымдаған еркек пен әйел жағажайда отыр, екеуі жас кезінде сезінбеген махаббат сұлулығын енді тапқандай. Сюжет – егде жастағы романтика кейде жастық шаққа қарағанда қуанышы мол, қызықа толы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Тритмент немесе қойылымдық сценарий Таңертеңгі сәт. Глэдис пен Режинальд бір-біріне сүйсіне қарап, бір-бірінің қолын ұстап, жағада тұр. Жастары 60-қа таяп қалған, бірақ романтикалық жақындығы екеуін әлдеқайда жас көрсетеді. Екеуі сүйіседі. Қазір бір- біріне жастық шақтағыдан да қатты ынтық екенін айтып отыр. Қол ұстасып, жағажайдағы үйге кіреді. ВИДЕО АУДИО КҮН БАТҚАНДАҒЫ ЖАҒАЖАЙ. ГЛЭДИС ПЕН РЕЖИНАЛЬД ҚОЛ ҰСТАСЫП, ЖАҒАЛАУДА ТҰР. ЖАСТАРЫ 60-ҚА ТАЯҒАН, БІРАҚ ЖАРҚЫН КЕЛБЕТІ МЕН ДЕНЕ МҮСІНІ ЕКЕУІН ЖАСАРТЫП КӨРСЕТЕДІ. ЕКЕУІ СҮЙІСЕДІ. ГЛЭДИС: Мен 20 жасымда мұндай әсемдікті сезінбеген ем. РЕЖИНАЛЬД: (ЖЫМИЫП). Мен де. Пай-пай жиырмаңда да дәл бұлай жақсы көрмедік-ау бір-бірімізді. ЖАҒАЖАЙДЫҢ БАСТАЛАТЫН ЖЕРІ. (ЕСІК АШЫЛАДЫ, СОСЫН ГЛЭДИС ПЕН РЕЖИНАЛЬД ІШКЕ КІРЕДІ, ҚОЛ ҰСТАСҚАН КҮЙІ СЫҚЫЛЫҚТАП КҮЛЕ БЕРЕДІ). ҮЙ ІШІ – ТАҢЕРТЕҢ. Дайын сценарий қойылымдық сценарийді кейіпкерлердің әрекетімен және диа- логымен толықтырады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==