Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

79 Формат пен стиль Қосбағанды радиоформаттың сол жағында шығармашылық өндіріс туралы барлық мәлімет тұрады. Оң жағында – бірбағанды аудиосценарийде кездесетін бағыттар мен диалог орналасады. Форматтар ұйымға қарай өзгеруі мүмкін болса да, қосбағанды формат көбінесе мультикамералық телевизия өндірісінде, дерек- ті фильмдер мен индустриялық шоу сияқты кейбір түсірілген қойылымдарда, сондай-ақ телевизия жаңалықтарына арналған. Бостонның Fox TV арнасының жаңалықтар жүргізушісі Жин Лаванчи былай дейді: «Біз әлі күнге сол жақ, оң жақ бағанды сценарийді пайдаланамыз. Сол жағына режиссер репликалары (тейк видео, SOTS – таспаға басылған дыбыс , chyron info – титр мәліметі, outcues – түртіп қою, және т. б.), оң жағына – жүргізуші оқуға арналған мәтін салынады». Көп материалды компьютермен жасап, әркім әртүрлі етіп жасайтынына қара- мастан, станцияларда қолданылатын сценарий форматы бірдей. Нөмірленген немесе нөмірленбеген эпизодтардан құралған драмалық сцена- рий форматы пленкаға түсірілген драмаға қолданылады. Кейбір авторлар эпи- зодтарды нөмірлеуді құп көрмейді, себебі нөмірлеу сценарийді тым техникалық сипатқа бұрып әкетеді де, әңгіменің біртегіс өрбуіне кедергі келтіреді. Басқа ав- торлар редакциялау мақсатында эпизодтардың лезде анықталуын қиындатпау үшін нөмірлейді, сол сияқты продюсер мен режиссер декорацияны жоспарлау үшін локация мен кастинг уақытын оңай анықтау үшін, нөмірлеуді талап ете- ді. Фильм эпизодтары рет-ретімен түсірілмейді. Барлық сахна декорациясы бір деммен түсірілгендей болғанмен, сценарийдегі хронологиялық тәртіпке бағын- бай кезек-кезегімен түсіріледі. Кей авторлар продюсерлер мен режиссерлер се- кілді эпизодтарды нөмірлеу – сценарийдің шығармашылық өндіріс талаптарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді деп сенеді. Мәселен, 150 эпизод бекітілген бюд- жетке лайық болса, 250 эпизод сай келмейді. Қазір станциялар мен продакшн ұйымдары цифрлық форматқа көшкен. Десек те әлі күнге таспаны пайдалана- тындар да кездеседі. Сондықтан кейде ілгерідегі емес, таспаға дыбысталған ( SOT – sound on tape) қазіргі сценарийлерді аңғарасыз. 30 секундтық жарнамаға немесе екі сағаттық драмаға арналған сценарий болсын, ең әуелі, мазмұндама мен нобай жасаудан басталады. Мазмұндама (summary) немесе нобай (outline) – әңгіме түрінде жазылған сценарийдің қысқа- ша баяны. Тритмент (treatment) немесе қойылымдық сценарий (scenario) – ұсы- нылатын сценарийдің декорациясы, сюжеті және кейіпкерлері, кейде тіпті диа- лог үлгілері туралы ақпар беретін толық хронологиялық баян саналады. Жарна- маға арналған шолу жасау немесе аңдатпа бір абзацтан бір бетке дейін болатын тритмент немесе қойылымдық сценарийде бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін. Бір сағаттық драмалық немесе деректі фильм үшін қысқаша шолу екі-үш беттен тұруы мүмкін, яғни тритменттегі бес сағаттай уақытты сыйғызады. Драмаға ар- налған тритментті өрбіту 10-тарауда қарастырылады. Келесі бөлімде бірбағанды телевизия сценарийін, қосбағанды телевизия сце- нарийін, киноны, бірбағанды радиосценарийді өзара салыстыру үшін төмендегі нобай мен қойылымдық сценарий негізгі бағытты бейнелейтін алуан формат ре- тінде көрсетілген. Мұнда қолданылған сюжет жарнама немесе драманың үзіндісі болуы мүмкін.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==