Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

С ценарий форматтары радиостанцияға, тәуелсіз студияға және продакшн шаңырақтарына өзгеше жазылады. Алайда кейбір стандартты ережелер мен сценарийлердің басты-басты форматтары кеңінен қолданылып, осы салалардың бәріне жарай береді. Форматтар осы тарауда ұсынылды және оқу- лықтың өне бойында біршама кәсіби сценарийден мысал берілді. Сценарийлер, мүмкіндігінше, жазылған немесе жарыққа шыққан қалпында ұсынылды. Кейбір телевизиялық және радиосценарийлердің барлығы дерлік арасы екі интервал- мен ашылып жазылса, оқулықтағы сценарийлер артық орын алмас үшін бір ин- тервалмен орналасқан. Телевизия мен радиода қолданылатын бірнеше негізгі сценарий форматта- ры мыналар: (1) радиоға тән бірбағанды формат; (2) киносценарийлер мен бір- камералы телевизиялық шоуға арналған бірбағанды формат; (3) көпкамералы продакшнға арналған қосбағанды телевизиялық формат, видеосы сол жағында, аудиосы оң жағында орналасқан; (4) әр эпизоды нөмірленген фильм және сцена- рий форматы. Радиодағы продакшнның соңғы сценарийлері екі бағаннан тұра- ды, сол жақта – техникалық деректер, оң жақта – режиссерлық сценарий. Кейде телевизиялық сценарийлердің сол жағында аудио, оң жағында видео көрсетіле- ді. (Мұны видео, кино немесе аудиожазба бойынша курстың бір бөлігі ретінде оқып отырсаңыз, тәлімгеріңіз осылардың бірін немесе басқа форматты ұсынуы мүмкін. Қай форматты пайдалансаңыз да, жүйелі жазыңыз). Бірбағанды формат телевизия мен радиода әлдеқайда ерекшелеу. Бірбағанды телевизия сценарийі диалогына кейіпкерлердің негізгі қозғалыстары ғана кіретін және ешқандай видео, аудиотехникасы жоқ сценарийге немесе сахналық пьесаға ұқсас. Радио визуалды емес медиум болғандықтан, музыка, саунд эффектілері және микрофон позициялары сценарийдің маңызды бөлігі саналады. Қосбағанды телевизия форматында видеобағыттар көбіне сол жағында, ал диалогты қоса алғанда, аудиоақпарат – оң жағында көрсетіледі. Видеобаған қа- ламгерге қажет барлық видеобағытты қамтиды. Авторға режиссердің ауласына түсе бермеуін тым жиі ескертпеген күннің өзінде, көптеген қаламгерлер әр микс- ті, ірі планды және зумды жазуға мәжбүр сезінеді. Автор оқиғаны баяндау үшін диалогты емес, көрнекі суреттерді жиірек пайдаланады, сәйкесінше, осы сцена- рийге енгізген жөн. Формат пен стиль ТАРАУ 3 78

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==