Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
77 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері ТАПСЫРМА Телевизия 1. Мына камера қозғалыстарын пайдалануға болатын шағын эпизод жазы- ңыз: рельсті камера жақындап алыстау (dolly-in және dolly-out), панорама (pan), ілесу (follow), бақан (boom) және зуммен (zoom) түсіретіндей. 2. Келесі кадрларды көрсететін шағын эпизод жазыңыз: ірі план (ІП-CU), екіадамдық орта план (M2S), жалпы план (LS), қашық план (FS), аса жал- пы план (АЖП-XLS), өте ірі план (ӨІП-XCU). 3. Fade-in және fade-out, dissolve, перде және қиыстыру эффектілерін көрсе- тетін шағын эпизод жазыңыз. Радио 4. Микрофонның барлық бес позициясын пайдаланатын шағын эпизод жа- зыңыз: микрофон алдындағы позиция, микрофоннан қашықтағы пози- ция, баяулату, үдету және артқы обструкция. 5. Саунд эффектілерді, фонды немесе реквизиттерді анықтайтын, нақты бір дыбысқа екпін бере отырып аудитория назарын бұру, уақыт белгілеу, күй орнату, кіру немесе шығу белгісін көрсету үшін, сонымен қатар өткел жа- сау үшін пайдаланатын бір немесе бірнеше қысқа эпизод жазыңыз. 6. Музыканы көпір, саунд эффект ретінде қолданатын және фон немесе күй орнату үшін пайдаланатын бір немесе бірнеше қысқа эпизод жазыңыз. 7. Мына тәсілдерді қолдануға болатын қысқа сценарий жазыңыз: ауысу, то- ғыспалы жанасу, қоспа, кесу немесе ауыстырып қосу, сондай-ақ бәсеңдету немесе үдету. Интернет Алдыңғы жаттығуларға жазған эпизодтардың бірін алып, кем дегенде бір сілте- мені қосып, интернетке бейімдеңіз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==