Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 76 дағышты қалай қолданып отырғанына сәйкес сапалы, интерактивті мультимедиялық бағдарламаға үлкен қажеттілік туындап отыр. Бағдарлама саны, арналардың алуандығы, өндірістік процесс пен технология, тасымалдағыштардың саны мен түрлері, жеткізу және бейнелеу әдістері – осының бәрі контентпен және соның төңірегінде әрекет ету тәсілдері сияқты тарап кетті. Қазіргі мол таңдауға қара - мастан, үй ішінен «көретін мардымды ештеңе жоқ» деген сөздер ан - да-санда естіліп жатады, осының салдарынан баз біреулер салалық контент немесе интернеттегі тұтынушылық бағдарлама көруге мәж - бүр болады. Осы күні жаңа мазмұнға деген қажеттілік барлық бағыт - та өсіп отыр. Мәселе контенттің қайда дайындалып, қалай қаржы - ландырылады және тұтынушылардың оған қол жеткізе алатынын- алмайтынын кім бақылайтынында жатыр. Әркез аудитория көңілін ғана аулайтын контент болатыны рас, бірақ бұл контенттің көп бөлігінде мақсатты түрде немесе аңдаусыз өнімді позициялайтын, философияны аңғартатын, мінез-құлық - ты модельдейтін мессеж бар. Медиа, әсіресе әлеуметтік медиа эле - менттерімен, күллі қауымның сүбелі үлесімен беки түскенде, оның қырағылығы мен қауқарын ескермеуге болмайды. Болашақ қоғамда қызығушылық тудыратын мәселелер талқылаудың маңызды бөлігі - не айналады деп үміттенеміз. Автор әрі продюсер ретінде әрдайым тура бағыт ұстауымыз қажет. Қуатты құралдарды нақты компания, тарап немесе жағдай үшін емес, болашақ ұрпаққа қажет білім мен да - налықты дарыту үшін, олардың бақытты, сау және нәтижелі өмірмен қатар, баянды өмір сүруі үшін пайдаланғанымыз жөн. Біз аудитория мен қоғам алдында жауап беретінімізді ұмытпасақ игі. Аудитория мүшесі ретінде лайықты және жауапты мінез-құлық таныту – асыл парызымыз; ұялы телефон ұстаған азамат ретінде іс-әрекетіміз бізді жай бақылаушыдан, сарапшыға, көлденең көк атты тілшіге, оқиға - ның бір бөлігіне оңай айналдыра алады. Сыңаржақ жаңалықтар, әлдебір наным-сенімді қолдау мақсатын - да бәрін бағып отыру, жаңалық оқиғалары ретінде ұйымдастырылған маркетингтік кампаниялар, әлбетте, қоғам мүддесіне сай келмейті - ні айтпаса да түсінікті. Конгломератты нарық елге әділ әрі алаламай жеткізу үшін, қоғамдық мүддені қорғау үшін, не істеуіміз қажет? Біз бұқаралық ақпарат құралдарын, технология мен экран уақы - тын ақша көздеп, негізінен, көңіл көтеру мен бір сәт бәрін ұмыту үшін емес, қоғамдағы лайық құндылықтарды, тағылым мен моральды дарыту үшін пайдаланып жүрміз бе және келешекте пайдаланамыз ба? Біз медиатехнологияларды қоғамды алға жылжыту, әр тұлғаны өмірге, демократияға, қоғамдастыққа белсенді атсалысу мақсатында оқыту, ақпараттандыру үшін кәдеге жаратуға тиіспіз, қоршаған ор - таны қорғау үшін, осы әлемді жақсарту үшін, пайдалануымыз керек. © 2013 Эрик Жонстон. Автордың рұқсатымен қайта басылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==