Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

75 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері туралы негізсіз, расталмаған және дүдәмал ақпарат бергені үшін ме - дианы сынға алды (http://www.nytimes.com/2013/04/18/business/ media/fbi-criticizes -false-reports-of-a-bombing-arrest.html?ref=to - dayspaper& r=1&). Әлеуметтік медиа өте күшті демократиялық рөлге ие бола алады, өйткені бұқаралық пікір төмен сатыда әп-сәтте ұйып, қалыптасуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, ұялы телефон ұстаған азаматтар ре - тінде белгілі бұқаралық әлеуметтік медиа жасаған хабардың күн са - йып өсіп отырған позитивті және теріс ықпалы бар. Мәселен, 2013 жылғы Lady Profeco ісін қарастырып көрелік. Мексикалық қайсыбір жоғары лауазымды шенеуніктің қызы іші ығы-жығы адамға толы дәмханаға кіріп, бос орын сұрайды. Бос орын табылмай қалғанда бұлқан-талқан ашуға мініп, баяғы әніне салады. Мейрамхана қонақ - тары оқиғаны құжатқа түсірген соң, бұл жағдай лезде жұртқа тарап кетеді Әйел санитарлық инспекторды шақыртып, кафені жабу үшін тамыр-танысын араға салам деп айбат шегеді. Оқиғаны жазып ал - ған және Twitter ® мен FaceBook ®-те жариялаған тұтынушылар бол - мағанда, оқиғаның бұрынғыдай жалғасуы да мүмкін еді. Financial Times корреспонденті Адам Томсон инцидентті былай деп хабарла - ды: ( http://blogs.ft.com /beyond-brics/2013/05/16/lady-profeco-a- mexican-tale-of-power-abuse-and- progress/#axzz2TWfDOH5A),: « ... қазіргі уақытта әлеуметтік желілер – мексикалық шенділер мен құқық қорғау органдарықызметкерлерінің астамшылығын әшкерелеуде маңызы артып келе жатқан рөл атқарады. Олар биліктегі адамдарға үлкен жауапкершілік пен есеп беру міндетін жүктейді, сонымен қатар ілгеріге қарағанда ауқымды әрі қажет өзгеріс». Жаңа дисплей, миниатюралық қалта камера, диктофондар мен сымсыз құрылғылар таспаға жазу, тамашалау және медиамен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ бір-бірімен өзара араласу - дың жаңа тәсілдерін тудыртады. Өзіңмен алып жүретін технология мен икемді, жеңіл әрі мөлдір экранмен бірге ойын әлеміндегі қа - шықтан басқарылатын сенсорлар – мәселенің бергі жағы ғана. Са - йып келгенде, продюсерлер мен сценаристерге аудиторияны қашан және қалай тартып, осы құралдардың көмегімен аудиторияны тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін зерттеп, сынақтан өткізіп және әзірлей отырып, аудиторияны қашан және қалай тартуға болатынын ескеру қажет. Біз енді ұялы телефоннан бастап 510 сантиметрлік жалпақ теледидар экранынан көрсетілетін байырғы видео туралы айтып отырған жоқпыз. Біз әрбір көрермен қатысушы ретінде әңгі - меге араласып, сюжет желісіне әсер ететін немесе кейіпкерлермен өзара әрекеттесетін немесе таймлайнды өзгертетін әлем жайында сөз қозғап отырмыз. Алысқа бармай-ақ сараласақ, көрермендер ке - зекте тұрып, бағдарламаның бірнеше минутын тамашалайтындар мен ыңғайланып жайғасып, әр сериядағы әрбір эпизодты бастан-аяқ көретін де, контентке қызу атсалысатындар деп түрленіп отыруы кәдік, алайда трансформация орын алатыны хақ. Медиа әлемі көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеруде және көрермен нақты бір тасымал -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==