Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 74 лардың жиынтығы туралы айтпағанның өзінде, бірге алып жүретін технологияға жаңа мән сыйлайды. Кіріктірілген экраны бар көзілдірікті жасау потенциалы біраз уақыттан бері көтеріліп жүр. Nokia бұл технологияны 2009 жылдан бері таныстырып, «көздің жүгіруін бақылайтын көзілдірікті» (Gaze tracking eyewear) нарыққа шығаруды жоспарлап отыр (http://www. slashgear. com/could-nokia-beat-project-glass-to-the-ar-mar - ket-05221730/). Google® осы технологияның нұсқасын нарыққа бі - рінші ұсынуға асығады. « Google ® Glass ™» 2013 жылы әзірлеушілер мен энтузиастарға арнап санаулы мөлшерде шықты. Glass – шын мә - нінде әрі дауыс активациясы, әрі 720p 5 мегапиксельді видеокаме - ра, әрі шағын дисплей, әрі ұялы телефон процессоры, әрі 16 гигабайт жад, әрі сенсорлық панель және Bluetooth радио. Бұл көзілдірік пен киборгтың жалтыр басы арасында тұрған бұйым сияқты көрінеді. Google ® қабақтан сәл жоғары тұратын бұл шағын мөлдір блокты «үш метр қашықтықтағы 65 сантиметрлік HD (high-definitioin) экранға баламалы жоғары сапалы (high-resolution) дисплей» деп тұжырым - дайды ( https://support.google.com/glass/answer/3064128?hl=en ). Аталған екі технология да тағы бір рет технологияның қоғамға интег - рациялану тәсілін өзгертеді. Адамның бет келбетін тану дегеніміз – әлдекімге жай ғана көз тастау дерекқорына сұрау салып, құрылғы - мен жүретін жанға ғана көрінетін әлгі адам туралы фон ақпаратын лезде дисплейге шығаруы мүмкін. Бұл ақпараттың жылдамдығы мен қолжетімділігі осы ақпаратты «бұзып кіру» мүмкіндігімен бір - ге «Орындалмас миссия» ( Mission Impossible ) типтес шытырман оқи - ғалы фильмдердің кең спектрінде алдын ала қарастырылған. Жаңа технологиялардың өмірімізге дендеп енуіне қарай, артқа шегініп, қайта қарауға тиіс мәселенің бірі–«осы технологияларды қолдану қо - ғаммүддесіне жауап бере ме?» деген мәселе. Қоғам ретінде талай тер төгіп күрескен бас еркіндігіміз бен жеке өмірімізді қорғаған сәтте да - ралығымызды сақтай аламыз ба? Біз «жалпыдан-жалпыға» хабар тарату үлгісінен үн қосуға ша - қыратын «жалқыдан жалпыға» хабар тарату үлгісіне көштік; мұнда көрермен болып бастағандар тек пікір білдірумен ғана шектелмей, әңгімеге ынты-шынтысымен араласып, оның бір бөлігіне айналады. Бұған біреу объективті бақылау жүргізіп, енді біреу кереғар аргумент - тер келтіріп, сенімді дерек көздерге сүйенсе, кейбірі тіпті контент - ке бейжай қарай алмайтынын аңғартады. Кейде төңіректі бақылау әрекетінде үлкен нәтижеге серпін беретін жағдайлар көп кездеседі, яғни кәсіби машықтанбаған, бірақ қолындағы ұялы телефонымен мейірімді самаритян болғысы келетін тұтынушы көлденең көк атты репортер ғана емес, бүтін бір оқиғаның бөлігіне айналуы ғажап емес. 2013 жылғы Бостон марафонында бомба қойғандардың ізіне түсу кезінде бұқаралық медиа мен әлеуметтік медиа жаңа рөлге ие болды. Жеке тұлғалар репортер рөлін өз мойнына алса, ұялы телефон мен уеб-камералар халықаралық деңгейдегі жаңалықтарда назарға ұсы - нылды. Кейбір тұтынушылар теледидарды бағып отырған сәтте бас - қалары әлеуметтік медиада әңгіме өрбітіп, медианы бөлісуге қаты - сып отырды. Федералдық барлау бюросы ( FBI ) медианы жаулап алу
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==