Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

73 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері Ұялы телефон, компьютер және басқа да әлеуметтік медиа құ - рылғылары жетіліп, қоғамда біріктірілген медиа және онлайн- дискуссиялардың өрісін кеңейтіп жатса, озық үлгілі технология безбеннің өнімді жеткізу жағына көбірек ден қойған секілді. Жұқа экрандар біршама жетілді. Қысу (compression), беру (transmission) және интернет протоколы (IP) құрылғылары жаңа құрылғылардың кең спектрінде видео тамашалауға жағдай жасап, безбеннің дист - рибьюция жағын түрлендірді. Көптеген DVD-плеерде интернет-п - ровайдерлер тарапынан интернетке негізделген видеоконтентке арналған пресет және ішкі орнатылған WI-FI бар. Көп ұзамай, сұйық кристалды шыны экрандар ( LCD ) мен плазмалық дисплейді икемді, мата іспеттес берік материал алмастыратынына куә боламыз. Соңғы жылдардағы ең үлкен жетістіктердің бірі – жоғары сапалы Графен парақтарын жасау процесінің кездейсоқ анықталуы болды ( http://en.wikipedia.org/wiki/Graphene ). Бұл дегеніңіз – келесі ұр - пақ заманындағы экранның негізгі элементі. Бұл мықты, бірақ икем - ді көміртек материалы ( http://io9.com/5987086/meet-the-scientif - ic-acci-dent-that-could-change-the-world ) әрі көміртек атомының құрамындағы барлық затты сақтауға қабілетті. Бұл жаңа өндірістік процесті анықтаған команда суперконденсаторлармен жұмыс іс - теп жатқанымен, бұл процестің ғарыш аппараттары үшін жеңіл аса төзімді материалдарды жасаудан бастап отын элементтеріне дейін барлығына тигізер ықпалы бар. Бұл технология ұялы телефонның жаңа түрлеріне икемді мөлдір экран ( http://www .lockergnome. com/mobile/2012/11/05/miracl e-metal-graphene-makes -transpar - ent-and-bendable-smartphones-possible/ ) шығарады ( http://www. slideshare.net/nehhalpota/mobile-phones-using -graphene ) және ультра жылдам зарядталатын суперконденсатор арқасында бата - реядан құтылуға мүмкіндік береді ( http://www.slate.com /articles/ health and science/alternative energy/2013/03/graphene superca - pacitors small cheap energy dense replacements for batteries.html). Apple үшеселік (trifold) экран сияқты элементтерді қоса алған - да, экранның иілгіш құрылғыларына байланысты біренеше патент берді ( http://www.patentlyapple.com/patently-apple/2013/04/ap - ple-patent-reveals-advanced-idevice-flex-display-features.html). Онлайн режимде икемді, су өткізбейтін және қол телефондарын бейнелейтін сансыз видеоролик бар ( http://www.youtube.com/ watch?v=h1 m5WMyTC8Q). Жіңішке мөлдір экрандар соңғы бір - неше жылда тұтынушылардың электронды көрмелеріне қойылды. 2013 жылы өндірістен шыққан Samsung икемді экрандары ( http:// www.youtube.com/watch?v=p3a9WrfzZOM ; http://www - ... you - tube .com / watch?V=dY ADCTBKVE) белсенді матрицалық орга - никалық жарық шығаратын диодтарды (Active Matrix Organic Light Emitting Diodes – AMOLEDs ) ( http://en.wikipedia.org/wiki/AMOLED ) пайдаланады. Бұл жаңа технология артқы жарықты талап етпейді және әйнекпен қоса, қазіргі технологиядағы корпустың көп бөлі - гін ысыратын икемді жұқа мөлдір пластикалық экранға орнатылуы мүмкін. Бұл жылжымалы/сыртқа итерілетін экрандар мен желі шы - ныларындағы мөлдір дисплей, терезе, әйнек пен басқа қосымша -

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==