Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 72 модемге) ілескенімен, бағдарламаларды сегменттерге жайғастырып, аудиторияға дереккөз таңдауды қиындатады әрі жаңалықтар үздік - сіз бағдарлама ағынына қосылғанда оны көру де бейнетке айналады. Бағдарлама ABC -ден тікелей жүргізіле бастаған сәтте бұл тәжірибе жалғаса ма, тоқтай ма уақыт еншісінде. Басқа контент ағындарын қарастырғанда, бағдарлама иесі мен өндірушілер өз бағдарламасын тікелей немесе басқа операторлар арқылы бере алмайтын ағымдағы дистрибьюторлармен жұмыс істеуі де ықтимал. Қазір де интернет арқылы теле-радиостанциялардан және басқа бағдарлама жасаушылардан видеоконтент трансляциясын ұсыну мә - селесін шешу бағытында жұмыс істейтін онлайн компаниялар бар. Aereo™ онлайн ағындық қызмет стартапы кейбір құқықтық меншік және дистрибьюция кедергілерін айналып өту үшін қызықты әдіс ойлап тапты, ол деректерді өңдеу орталығына мың-мыңдап шағын, ескі TV-антенналарын орнатты. Ол әрбір клиентке бірегей антенна бекітеді және сервер фермасын дәнекер ретінде пайдалана отырып, TV бағдарламаларын осы антенналар көмегімен клиенттерге интер - нет арқылы жібереді. ( http://money.cnn.com/2013/04/25/technology/yahoo-snl-aereo/ index.html ) 2013 жылдың наурыз айында Aereo ™ авторлық құқық туралы заң мен өз сервистері төңірегінде ретрансляция үшін алым туралы сот ісінде апелляциялық соттың оң шешімін алды, алайда ха - бар таратушылар әлі де Aereo ™-ны заңсыз деп мәлімдеп отыр ( http:// www - ... hollywoodreporter.com/thr-esq/aereo-beats-broadcasters- big-appel-late-431988) . Контенттің кабель, оптикалық талшықты, кино, интернет-про - вайдерден жалға алу, жылдам жүктеу киоскісі немесе DVD, CD не - месе флэш жад сияқты медиумға таратылғанына қарамастан, өнді - рушілер мен операторлардың көбі қосымша ақпарат беретін арнайы сайттарды, сілтемелерді, жарнамалық медианы, кестелерді және тақырыбы ортақ сілтемелерді сақтау үшін интернетке онлайн қаты - сады. Әлеуметтік медиа құралдарынан келетін біріктірілген сілте - мелер мен арналардың барлығы персональды есептеу құрылғылары массивіне арналған. Twitter ®, FaceBook ®, сондай-ақ басқа да әлеуметтік медианың кең спектрі параллель талқылауға арналған алаң ұсынып, әдетте сайттар мен бағдарламаларға біріктіріледі. Connect TV® сияқты жаңа қыз - меттер бір қадам алда келеді. Соңғы уақытта пайдаланушылар өз - дері көре алатын контентпен байланысты нақты талқылауға қатысу үшін нақты парақшаға немесе арнаға өту қажет немесе хабар тара - тушы көрермендерді тиісті чат немесе блогқа бағыттау үшін осы контентпен байланысты парақшаға сілтеме жасайды. Connect TV ® дыбыс тану функциясын не көріп отырғаныңызды анықтау үшін пайдаланады, артынан соған сәйкес ақпарат пен сілтемелер ұсына - ды, Facebook сияқты чаттар мен функцияларды біріктіріп, пікіріңізді бөлісіп, әңгімеге қосылуға жағдай жасайды, оны компьютеріңіздегі немесе интернетте біріктірілген тиісті контентпен синхрондайды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==