Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

71 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері Кабельді телевизия алғаш рет елге жеткен сәтте қабылдаудағы түйткілді шешіп, сапалы тамашалауды қамтамасыз етуге тиіс еді. Эфирде жоқ салалық бағдарлама әзірлейтін арналарды ұсыну құра - лына айналып кетті. 1992 жылы АҚШ-тың «Кабельдік телевизияны қорғау және бәсекелестік туралы» актісіне «қайта көрсетуге келі - сім беру» туралы талап қосылды ( http://www.fcc.gov/encyclopedia/ retransmission-сonsent ). Эфирлік бағдарламаларды ақы төлейтін тұтынушыларға тарату құқығының орнына хабар таратушылар ка - бельдік дистрибьюторлардан ақы алды. Осыған дейін телевизиялық бағдарламаларды, әсіресе эфирлік бағдарламаларды интернетке өт - кізу өте баяу жүрді. Кейбіреулер кабельдік таратудан түскен табыс - ты маңызды фактор деп болжайды, алайда бұл қосымша арналар арқылы контентті қайта бөлу құқығын иемдену мәселесінен туған қиындықтар болуы мүмкін. Дегенмен контенттің түр-түрін өндіру - ші тараптар ұдайы өсіп отырған онлайн-аудиторияға қол жеткізудің ең жақсы тәсілдерін жіті зерттеді. Онлайн-трансляциялық сервистер осы қажеттіліктердің кейбірін орындауға күш жұмсады, бірақ оны тікелей эфир бағдарламаларымен емес, ескі эпизодтармен шектеді. Интернетте қандай арнада трансляциялық бағдарламалар тұрға - нын жақсы түсіну үшін хабар тарату арналары мен олардың жергілік - ті филиалдарымен арақатынасын, сондай-ақ дистрибьюторлармен келісімшартын зерделеу қажет. Желілік арналар меншікті филиал - дарын дайындап, тарататын контентті пайдалану құқығы шектеулі болуы мүмкін, сол сияқты жергілікті радиостанцияның да желіде синдикатталған бағдарламаларды таратуға құқығы шектеулі болуы әбден мүмкін. Желілік хабар таратушылар меншікті филиалдағы бағдарламаларды бақыламайтындықтан, олар әлгі бағдарламалар - ды қайта тарата алмайды (http://money- ... cnn.com/2013/04/25/ technology/yahoo-snl-aereo/index.html). Америкалық хабар тарату корпорациясы ( ABC – American Broadcasting Corporation) жақында желілік бағдарламалардың тікелей трансляциясын ұсынатынын жа - риялады. Алайда бұл сервис тұтынушының өз аккаунтымен кіруін талап етеді. Демек, кабельдік компанияға немесе мультиарналы ви - деобағдарламалар дистрибьюторының бағдарламалар ағынына нақ - ты жазылғаныңызды растайсыз. Ол үшін ABC әрбір меншікті филиа - лына жергілікті жерде жаңалық тарату құқығын, сондай-ақ синди - катталған ток-шоуды қайта тарату, сонымен қатар құрылтайшыларға ғана тиесілі бағдарламалар сериясын тарату құқығын берді. ( http:// www.nytimes.com/2013/05/13/business/media/abc-to-let-app-user -live-stream-local-programming.html? r=0). Жергілікті хабар тарату үшін тікелей эфир контентін өндіретін және ол хабар тарату антен - насына берілген сәтте оны тікелей эфир контентімен бір мезгілде тарата алатын бағдарламалардың бірнеше үлгісі бар, мысалы: WCVB Channel 5 ; Бостондағы ABC филиалы; WABC Channel 7 және Нью- Йорктегі жергілікті ABC филиалы, екеуі де жаңалықтар легін тікелей трансляциялайды және екеуінің де контент каталогын ұсынатын, сондай-ақ эфирлік жаңалықтар легінің сілтемелерін көрсететін мо - бильді қосымшалары бар. Бұл жаңалық трансляциялары тікелей қо - сылымнан кейін мәліметтердің қысқа пакетін таратуға (спутниктік

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==