Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 70 television ) деген жорамалын мәлімдеген құжат жариялады ( http:// files.shareholder.com/downloads/NFLX/2441659654x0x656145 / e4410bd8-e5d4-4d31-ad79-84c36c49f77c/IROverviewHomePageLet - ter 4.24.13 pdf.pdf ). Netfilx ® индустрияда көпшілік назарын тек өз жазылушыларына арнап дайындаған «Қағаз үй» (House of Cards) телевизиялық сериалы - мен аударды. 2012 жылдың қыркүйегінде Microsoft ® CBS entertainment президентін жұмысқа қабылдап, Xbox Studios -ті іске қосу туралы ( http://articles.latimes.com/2012 /sep/18/entertainment/la-et-ct- microsoft-tellem-xbox-20120918 ) және «Қаһармандар» ( Heroes ) де - ген атаумен суперқаһармандық телесериалды қайта жандандырып Xbox Live -те (http://tvline.com/2013/04/17/heroes-relaunch-msn- xbox/ ) тарату туралы NBC -мен келіссөз жүргізгені мәлім болды. Amazon ® әлі де таспаға жазылған медианы дәстүрлі жолмен тарата - ды, бірақ компания кабельдік ұяшыққа немесе енді желіден тартуға дайын DVD-плеерлерге орнатылған функцияларға ұқсас қондырғыға көшкен де болар. Бұл жағдайда жазылушыларда Amazon -нан алған медиаға ақы төлеп, басқаратын арнайы ұяшық болады. Бұл Sony ®- дің PlayStation ®-ге қолданған тәсілі еді және Microsoft та қазір Xbox 360 -қа осы әдісті қолдануда. 2013 жылы YouTube ® контент өндіру бизнесіне білек сыбана кіріспегенімен, 2013 жылдың басында ол сервис ұсыныстарына, форматына, стандарттарына айтарлықтай өз - геріс енгізді. YouTube мәмілені өзгертті. Тегін арналардың дәурені өтті, енді пайдаланушылар өз арнасын жаңартып отыруға мәжбүр ( http://www.youtube.com / onechannel). 2013 жылы YouTube ® көрер - мендерге айына 1,99$ төлеуге мүмкіндік беретін сервис опциясын жариялады. Бұл телевизия провайдерлері үшін қалың аудитория - ға өз контентін алуға ұтымды болғанымен, видеоны бөлісу секілді әлеуметтік медиа аспектілеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Көрермен - нің көңілін аулап, тұрақты жаңа контент ағынын ұсынбайтын арна - да тұтынушы тұрақтап, ақы төлеп отыруы екіталай. Осыған дейін кіріс моделі жарнамадан түсетін кіріс моделіне ұқсас болады деп мә - лімделген еді, яғни контент өндіруші – 55%, ал YouTube 45% пайда түсіруі керек болған http://www .digitaljournal.com/article/349604 ). Әлдебір YouTube ® жазылушысының шағымына сенсек ( http://www. youtube.com/watch?v=CseOSU ]F05U ), жаңа формат сервистің әлеу - меттік аспектілерінен басқаға ауытқып кетеді, бұл пікір қалдыруды немесе нақты бір видеоны талқылауды қиындатады, есесіне көрер - мендер басқа провайдерлер ұсынатын телевизия немесе қосымша - ларға ұқсас арна форматын қош көреді, мұнда бір сегмент бірден келесісіне көшіп кетеді де, комментарий мен талқылау басқа экран - да қалып қояды. Әлеуметтік медиа дәуірінде көпшілік әлгі жазылу - шының уәжімен келіседі және YouTube® талқылауға сүйенетін макет көмегімен макет опцияларының қатарын толтырады деп үміттену дұрыс болмас еді. Ойынға арналған, кабельдік, талшықты, кең жо - лақты және сымсыз опциялардың барлығы бір бағытта қозғалатын сыңайлы, себебі қазір көрермен үлесін көп жинайтын ақылы жазылу мен жарнама көлемі ұлғайып келеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==