Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

69 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері Америка Құрама Штаттары – бірсыпыра бәсекелік өнім ұсыну әдістері, сан алуан және кейде бір-бірімен үйлеспейтін форматтар, түрлі видеоплеерлер, өзара үйлеспейтін ақылы мультиарналы жеткі - зу жүйелері, тұтынушыдан дерек көлемі үшін ақы алатын оператор - лар, нақты контентке маманданған немесе көрермендердің нақты тобына бағытталған және дәстүрлі хабар тарату арналарының әлсін- әлсін күйреуі көрініс тапқан ортаға ойысып отыр. Салалық арналар - дың күн санап артуы, ең алдымен, мазмұнның нақты арнаға, тіпті нақты тасымалдаушыға байлануына әкеледі, бір кездері жалғыз те - ледидардан күллі контентке қол жеткізе алатын көрерменге арнап жасаған дизайнымыз, енді тұтынушылардан белгілі бір құрылғыны сатып алуды, қандай да бір тасымалдаушыларға жазылуды және тұ - тынушының көңіл қалауындағы мазмұн түріне байланысты нақты арналарға ақы төлеуді талап етеді. Түрлі перспектива ұсынатын кон - тентке қызығатын қырағы көрермен үшін бір жүйеге жазылу жеткі - ліксіз болуы мүмкін. Мұндай көрермен арнаны кезек-кезек ауыс - тырып уақыт жоғалтпайды; орнына басқа операторларға жазылып, тіпті әр алуан құрылғыны сатып ала салады. Қазіргі теледидар қабылдағыштары қоғамдық радиотолқындар арқылы таратылатын сигналдарды көрсетуге арналған, бірақ онда сол сигналдарды қабылдауға қажет антенна жоқ. Көп тұтынушы те - ледидар әлі де эфирден берілетінін (антенна арқылы) біле бермейді. Тіпті қалалық аудандарда да тұтынушы қабылдайтын арналардың саны сайып келгенде жергілікті радиостанцияның сигнал күші мен теледидардың бұл сигналды жеке сатып алынған және орнатылған цифрлық антенна арқылы баптап, сигналдың келуін реттеу қабіле - тіне байланысты болады. Бұған көптің көңілі толмайды және муль - тиарналы оператор жүйесіне кіргеніне ақы төлегеннен басқа амалы жоқтай сезінеді. Әрі мұндай мультиарналы провайдерлер барлық жергілікті хабар тарату станцияларын қолжетімді ететініне нақты көз жеткізу қиын. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыра түседі. Кең жо - лақты интернеттің өріс жаюы жағдайды өзгерте бастады, енді отба - сы мүшелері «сымды қиып тастап», қымбат мультиарналы провай - дерлерден бас тарта алады. Осыған дейін мыңдаған отбасылар кабельдік ұяшықтарын ажы - ратып, онлайн-нұсқаға ауысады деп күтілгенімен, 2011 жылы отба - сылардың 9%-ы ғана кабельдік сервисті қабылдамай қойды ( http:// www.newsobserver. com/2012/06/24/2153676/why-your-cable-tv- bill-will-never.html) Comcast ® өз жазылушыларының тек 5%-ын ғана жоғалтқанын және оған еш алаңдамайтынын айтады ( http:// readwrite.com/2013/03/27/pay-tv-broadcasting- sounds-of-self- denial ). Таразының бір басында тұрған Netflix ® контенті клиенттік базасын күнде ұлғайтып отыр, әрі бүгінде барлық интернет-дата - ның 29%-ына жауап береді ( http://www.engadget.com/2012/11/08/ sandvine-netflix-29-percent -of-north-american-internet-traffic/). Жақында Netflix ® дәстүрлі телевизияның күні бітіп, оның ор - нын интернет-телевизия алмастырады ( http://broadcastengineer - ing.com /cable-amp-iptv/netflix-unveils-plan-replace-broadcast-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==