Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 68 және оны таратады, жеке телевизиялық шоуын жүргізеді тіпті те - леарналарын ашады. Дәстүрлі бизнес-модельге қажет ұйымдастыру жұмыстарына, шығын мен бюджетті ойластыруға еш бас ауыртпай - ды, бірақ компьютерлік телебағдарламаны осы индустрияға қолдау білдіріп, өндірушілерді жеке инфрақұрылымын не өнімді жеткізу платформасын құруға, тіпті сол үшін ақы төлеу міндетін сақтайтын сервис (Software as a service – SaaS) ретінде ұсынуға тырысатын про - вайдерлер қызметін пайдаланады. Видеотрансляцияның онлайн сервистері мүшеліктегі тұлғалар - дың жеке базасын құруға, адал көрерменін сақтап қалуға және жаңа пайдаланушыларды тартуға тырысады. Бір айта кететіні, жарнама болса көзден бұлбұл ұша қойған жоқ. Қайта, керісінше, жарнаманы ұсынудың заманауи әдістері көрерменге қандай да бір уақыт реттілі - гін сақтамайтын немесе жарнаманы орналастыруда ешбір үздік тәжі - рибесі жоқ ұзақ мерзімге жоспарланған жарнамадан гөрі агрессивті болуы мүмкін. Интернет медиа көрермені медиаклипке қоса, сайтқа көз жүгіртіп немесе паузаға басып, қайта ашқан кезде бір жарнаманы немесе кем дегенде бір хабарландырудың алғашқы бірнеше секун - дын қайта қарауға мәжбүр. Мұндай тәжірибе көрермен, продюсер не бәсекелестікті жоғалту нәтижесінде өзгеретінін қанша шамаласақ та, қазір аттап бассаң, жарнамадан аяқ алып жүре алмайтын, жарнама - ның көл-көсір заманына тап келдік. Сөз арасында продюсерлерге ұсынылатын онлайн-видео сервис - тердің қызықты функцияларының бірі – «Басты бет» екенін айта кеткен жөн, оны продюсер өз контентіне арналған «арна» туралы аз- маз түсіндіру үшін өзіне лайықтап бейімдейді. Пайдаланушы жай аккаунт ашып-ақ өзіндік мазмұны бар мақсатты парақшаға ие бо - лады және сайтқа байланып қалмайды. Пайдаланушылардың көбі жеке сайттан көп іс тындыруға болатынын жақсы түсінеді, қызмет түрлерін молайтып, сайтқа кірушілерді белсенді тарта отырып, басқа әлеуметтік медиа құралдарын қоса алады. Интернет, интернетке иек артатын телевизия мен IP -технологиялар кім-кімді де қызықтыр - май қоймайтын сансыз қосымша мүмкіндіктер ашты. Бүгінде ең ірі трансляциялық бағдарламалар мен көркем фильмдердің әлеуметтік арналар мен онлайн-промоушнға қосылған сайттары бар, олардың әрқайсысы өз аудиториясын жақын тартып, әлеуметтік медианың пәрменді вирустық аспектілерін қармап қалуға тырысады. Эфирлік немесе кабельдік провайдерлердің араласуынсыз ин - тернет арқылы видео ұсыну мүмкіндігі технологиялық жетістіктің тамаша жанама өнімі саналып әрі сөз бостандығын жақтаушылар - ға айтарлықтай дем бергенімен, бұл балама әдістер коммуникация индустриясындағы дәстүрлі билік брокерлеріне төнген қауіп ретін - де қарастырылуы мүмкін. Тұтынушылар кабельдік және спутниктік құрылғылардан Apple TV ®, Roku ® сияқты құрылғыларға, Microsoft ® Xbox ® және WII ® сияқты ойын құрылғыларына, Netflix ®, Hulu , Aereo ™ және Amazon ® сияқты интернет сервистері арқылы басқа да ақылы видеоларға, сондай-ақ Vimeo ®, BlipTV ® сияқты тегін интернет-сер - вистерге және баспагерлерді таңдауға байланысты YouTube ®-тің премиум сервисінен басқа, тегін нұсқасына баяу ауысып жатыр.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==