Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

67 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері CMOS APS sensor ) телевизиялық видеокамералардағы ССD чиптерін алмастырып отыр, телевизия камераларын сипаты жағынан ана - ғұрлым шағын, жеңіл және просюьмер өнімдерінің номенклату - расына ұқсатады және тұрмыстық электроникада чип салынатын миниатюралық камерамен дәл үйлеседі. Мол табысқа кенелген ар - зан бәсекелестердің, сонымен қатар тұрақты технология мен өнді - рушілерге түскен қысым салдарынан хабар тарату индустриясында орын алған өзгерістер жайында түрлі айғақ бар. Тұрақты өндіруші - лер өлместің қамын жасап, стратегияны өзгертуге, қайта оқытуға, қайта құрылымдауға және қайта жобалауға тырысып бағады ( http:// broadcastengineering.com/shows/once-dominant-vendors-nab -show-it-s-now-adapt-or-die ). Бұл ұялы телефон киноиндустрияны жаулап алды дегенге келмес, бірақ технология дамыған сайын теле - визия, видео және контентті айтарлықтай өзгертетіні хақ, әрі қоға - мымыздың түп-тамырына ықпал етіп, коммуникация, қарым-қаты - нас және үйрену тәсілдерімізге терең әсер етеді. 1980 жылдары видеоматериалды монтаждау инженер, оператор, графикалық суретші мен редакторды қоса алғанда, құны миллион долларға шығатын жабдыққа толы бөлмені білдірді. Сол кездері тү - сірілім тобы екі адамнан – оператор мен дыбыс операторынан құ - ралды. Олардың міндетіне далаға орнатылатын жазу құрылғысын, далалық микшерді, кабельді, микрофон, қосымша батарея мен ви - деокассеталар қорын тасып жүру, құралдарды іске қосу кірді. Әр құ - рылғыға 20 минуттық видео жазылатын және ол бүгінгі 4 терабайт - тық хард дискінің көлеміндей еді. Енді осы мүмкіндіктердің барлық вариациясын жалғыз ENG камкордері арқалай алады. Тіпті сәл бұ - рылып, көз тастасаңыз, микротолқынды немесе спутниктік жүк кө - ліктеріне қажеттілік азайып барады, өйткені қазір камераға HD ұялы радиотаратқышын орнатсаңыз жетіп жатыр. Тіпті бастан-аяқ редак - циялау жиынтығының барлық функциясын бір ғана ноутбуктен іске қосылатын компьютерлік бағдарлама атқара алады. Тұтынушылық опцияларды қарастырар болсаңыз, көп адам, оның ішінде балалар, бүгінде ішіне камера орнатылған ұялы телефонды күнделікті қаже - тіне жаратады, бұл көпшілікке HD видео жазуға мүмкіндік береді. Мұндай видеоны тәжірибесі аз немесе машықтанбаған бастауыш сы - нып оқушысының өзі де монтаждай алады, кей жағдайда телефон - ның өзінен-ақ редакциялай береді. Әрине, сегіз сантиметрлік мультимегапиксельді чиптерге салын - ған телевизия камерасымен түсірілген видеоның сапасын жалғыз чипті, ішіне орнатылған объективін қоса алғанда, қалыңдығы екі миллиметр миниатюралы камерамен түсірілген видеомен салыс - тыруға келмес. Кәсіби продюсерлер тобы да ноутбукқа сүйенетін шаруаны тиімді жүргізе алмайды. Алайда тұтынушылардымазалай - тын сапа мәселесі – көп тұтынушы көзге ілмейтін, ойша ұғыныла - тын сапа. Көбі нағыз айырмашылық өнім құнында, эфирге шығуын - да, мөлшерінде, салмағы мен өнімді оңай пайдалануда жатыр деп ойлайды. Бұдан шығатыны, енді көпшілік отбасылық шараны ғана түсіріп, үй фильмдерін жасаумен ғана шектеліп қалмайды. Олар өз бағдарламаларына жоспар құрып, сценарий жазады, монтаждайды

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==