Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 66 Жасыратыны жоқ, технологиялық өзгерістер видеоны дайындау, жіберу және тұтыну тәсіліне үлкен әсер етті. Контенттің сыртқы көрі - нісі, аудиторияның контентпен қалай жұмыс істейтіні, продюсерлер, демеушілер, басқа да көрермендер, тіпті оқиға кейіпкерлері – мұның бәрі біздің қалай және не өндіретінімізге әсер етеді. Соңғы бірнеше онжылдықта телевизия компьютерлік функцияларды қабылдап, ин - терактивті болды, ал компьютерлік технологиялар телевизия сапа - сы мен мүмкіндіктерін өзіне иемденуге ұмтылды. Теледидар бұдан былай төрүйдегі жиһаз үстінен тамашаланатын, тым жиі жарнама - лық үзіліске бөлінетін ретті бағдарламаның үздіксіз ағыны емес. Ол жетіле түсті. Контентті құрастыратын және дамытатын адамдар енді әртүрлі аудиторияны қамтитын және тартатын мәселелердің кең ау - қымын ескеруге тиіс. Теледидар алғаш түлеген сәтте бірнеше бәсекелес өндіруші пай - да болды, олардың әрқайсысы өзіне тән бірегей тәсіл ұстанды және арналардың үйлесімін қамтамасыз ету және виртуал арналардың бірігуі үшін стандартты техника ерекшелігін мойындады. Егер жаңа саланың табысты өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамдық мүд - дені қорғауға бағытталған өндірушілер мен бірқатар жетекші өкілет - ті органдардың бірлескен күш-жігері болмаса, теледидар өндірістік салаға айналмас еді. Егер Федералдық байланыс комиссиясының телевизиялық жүйелер жөніндегі ұлттық комитет құру және кейінгі 1940–1941 жылдардағы NTSC (National Television Systems Committee) стандартын қабылдау жөніндегі шешімі болмаса, мемлекетіміз бен қоғам бүгін мүлдем басқа болар еді. Бүгінде кино, телевизия, трансляциялық телевизия және тұты - нушылар телевизиясын бөлетін шекара шайыла түсті. Техникалық сипаттамалар, өндірістік компоненттер және өндіріс тәсілдерінің бір-бірінен бұрынғысынша айтарлықтай айырмашылығы болса да, соңғы тұтынушы үшін экран өлшемі мен тараптардың арақатынасы сияқты негізгі компоненттер де ерекше қызығушылық тудырмай - ды. Тұтынушы видеосы, ұялы телефон видеолары, тіпті уеб-камера видеосы қазір эфирді толық жаулады және тіпті кинода да арагідік қылаң береді. Шын мәнінде, қазір видеоформатта жарыққа шығатын тәуелсіз фильмдер саны күн санап өсуде, тіпті жаңа салалар, мысалы, өндірістік циклмен төмен бюджетке өндіріліп, бір аптаға жалғасатын Холиуд ( Nollywood ) көркем фильмдері қаулады ( www. Ted.com/talks/ franco sacchi on nollywood.html) . Өнімді жеткізу тұрғысынан тұтынушылар хабар тарату контен - тіне, көркем фильмдерге және «үй фильмдеріне» еш кедергісіз қол жеткізе алады. Әрине, мұнда адамдар осындай құрылғыларды сатып алуға инвестициялауға дайын болғаны дұрыс. Тіпті өндірісте қолданылатын технология көркем фильммен ас - тасып жатады; трансляциялық, кәсіби/тұтынушылық (сондай-ақ «просьюмер»/pro-sumer ретінде белгілі) және тұтыну арналары жиі тоғысады. Технологияның ең соңғы жетістігі саналатын металл то - тығының жартылай өткізгіш пикселінің комплементарлық сенсо - ры (Сomplementary Metal-Oxide Semiconductor Active Pixel Sensor –
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==