Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

65 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері «Енді тек телевизия ғана емес...» Медиумның қай технологиялық кезеңінде жазатыныңызға қара - мастан, әрдайым медиумның оң аспектілерін басты бағдарда ұста - ңыз, өзіңіздің әрі медиумның бар қабілетін көрсетуде аянып қалма - ңыз. Әр алуан медиаға мәтін жазу стратегиялары мен әдістері туралы мәселені қарастыру кезінде, енді біз бір ғана аудитория мен хабарға назар аудара алмаймыз. Әлем өзгерді. Телевизия да енді жай ғана телевизия емес. Енді біз жалқыдан жалпыға хабар жібермейміз. Әлі де мультимедиалық элементтерді немесе интерактивті опцияларды ұсынуға немесе одан бас тартуға қатысты кейбір шешімдерді қарас - тырғанымызбен, бұдан былай әлеуметтік медиаға араласу-араласпау туралы таңдау жасай алмаймыз. Әлеуметтік медиа барлық жерге интеграцияланған, кейде өндірушінің еркіне сай сілтемелер тікелей интеграцияланады, кейде мазмұнды талқылау кезінде жанама түр - де интеграцияланады. Аудиторияның контентті пайдалану қатына - сы да өзгерді. Медиум өзгерді. Баспасөз, кино, тікелей эфир немесе синхронды емес хабар тарату болсын, бәрі контентті қолдана алатын аудитория арасында электронды түрде таратылады. Бәлкім, бүгін бұрын-соңды болмаған сәт туып, жаңа медиумның қоғам ретінде телевизия, теледидар тамашалау және жаңа технологиялардың ау - диториямызға, құндылықтарымызға, қалың қауымға және қоғамы - мыздың табиғатына әсер ету жолдарын қарастыру керек екенін біл - діретін хабар не болмаса оятатын дабылға айналды. Аудиторияның рөлі өзгерді; көрермен ендігәрі жай пассив қабыл - даушы емес. Продюсер мен қаламгер ретіндегі рөлімізді өзгертпе - сек болмайды, хабар дайындаушылар тіпті өкілетті органдардың өзі өзгеруі керек. Технологияның қамы үшін өзгеріс пен технологияны пайдалана салу торына түсіп қалу тым оңай, себебі көпшілігіміз тех - нологиямен тәжірибе жасап, сынап көруге құлық таныта қоймаймыз; бірақ алаңдауды артқа ысырып, мессежіміз бен мақсаттарымызды қорытып алған жөн. Аудиторияны қалай баурап аламыз? Біз бөлісе - тін идеялар позитивті және мәні бар пікірталастарға ықпал ете ме? Әу бастан-ақ қиссашылар, жыраулар үлкен мұратқа қызмет еткенін жақсы білеміз, олар жай ғана қауымның көңілін көтерген жоқ, үміт, толқу, табыс, үрейді болмысымызды қалыптайтын құндылықтарды нығайту құралы ретінде пайдаланды. Мессежіміздің астарында аса маңызды философиялық және стратегиялық мәселелер жатқанымен, бұдан әрі ол «жалқыдан жалпыға арналған» мессеж емес; есесіне әң - гіме бастауға, осы әңгімеге басқаларды тартуға және асылында, зерт - теуге, сынап көруге, қойылымдық сценарийлер мен мәселе ұсынуға қайрайтын, кейбір топтық немесе жеке зерттеулерде нұсқау көрсе - туге септесетін ақпарат ұсынып, жағдай жасауымыз керек. Адамзат - тың қиссагер, репортер және коммуникатор ретіндегі қабілетін сарқа пайдаланған алдыңғы буынның адалдығы сыни ойлауға, жасампаз - дық пен балаларымыздан, көрші елдерден және өз бойымыздан көр - гіміз келетін мол қасиетті шыңдау жолында қызмет етті.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==