Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 64 стимулдарды анықтайтын экранның қыздырма нүктесінің үстінен жылжу үшін нұсқауыңызды орындағанда пайда болады. Қабылдаушы интерактивті стимул- дарды іздеу үшін нақты таңбаны таңдау арқылы сіз ұсынған баламалардан бі- реуін саналы түрде екшеп алғанда үшінші деңгейге өтеді. Автор осы процесті түсіне отырып, қабылдаушыға жеке қызығушылығы мен маңызы көрінетін сти- мулдарды іздеу үшін экранда айқын көрінетін нәрсенің аясынан шығу еркіндігін ұсынғанымен, оның тәжірибесін бақылауда ұстайды. Техника Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жаңа телевизия медиумына сценарий жа- зуға қатысты айтылған өзгеше ойды, сол кездегі киносценарий жазуға қатысты пікірмен салыстыра алсақ, онда бүгінгі жаңа киберкеңістікті медиумға арнап сце- нарий жазуға байланысты оймен бірдей шығады. Алдымен ауызға оралатыны – орташа телеэкранмен салыстырғанда компьютер мониторы, планшет немесе iPhone -ның көрсететін аумағы тарлық етеді. Көрілетін аумағы шап-шағын. «Ви- деотрансляция» термині қозғалыстағы визуалды бейнелерді тасымалдауды біл- діреді. Кадрды өткізу жолағының ( bandwidth ) жеткілікті болмауы, сәйкесінше, қа- нықтықтың болмауы – көңіл аударарлық тағы бір маңызды фактор. Нашар сапа ( рoor resolution ) бірнеше кейіпкерді қамтитын кең кадрларды, сондай-ақ түнгі кө- ріністерді немесе қараңғы, немесе күңгірт жердегі көріністерді түсіруден аулақ болуға мәжбүрлейді. Кей кездері қосымша жарық көздері кадрды қанық көрсе- теді және электронды құлақ күйін келтіру де кейде көмекке жарайды. Интернет трансмиссиясына сәйкес кадрдың өткізу жолағы мен жиілігінің жеткілікті бол- мауы – қозғалысты, экранда көрінетін адам санын және пайдаланылатын дыбыс көздерінің санын шектейді. Тағы бір мәселе – компьютер экранының алдында отырған немесе ұялы құрылғыны пайдаланатын адамның көре алатын назары. Сол назар үлкен теледидар экранының алдына жайғасқан адамның назарынан әлдеқайда кішірек болуы мүмкін. Сондықтан көрініс пен бағдарлама кейде теле- визия мен кино үшін жазатын сценарийден қысқа болуы керек. Керісінше, «мін- деттерден» бастап «тыйымдармен» салыстырғанда, сізге мүмкіндігінше ірі планға назар аударуыңызды, өткір, артық-кемі жоқ диалогты, орындаушылардың аз қоз- ғалысын, қысқа-нұсқа болуды және басы мен соңының нақты болуын меңзейді. Видеоны қысу артқы фонда ойнайтын кадры бар мәтіннің қандай да бір де- талін жоқ қылады. Детальдың болмауы немесе компьютер экранында тереңдік- тің болмауы теледидардағы түсірілімнің қалыпты фонын, ақпарат пен өткелді шектейді. Мысалы, сіз банк күзетшісін көрсететін драмаға толы кадрды алдың- ғы планға шығарып, кассирге тапанша кезеген банк тонаушысын артқы планға қойдыңыз делік. Мұны кино мен телевизияда іске асыру оңай. Бірақ интернетте фондық иллюстрациялар біршама көмескіленеді. Әйтсе де бұл жағдайды техно- логия түзеп келеді. Pangaea Multimedia Communications Corporation (Бостон, Массачусетс штаты) пре- зиденті Эрик Жонстон медиадағы тың өзгерістер және оларды онлайн видеоға қолдану жайында «Енді тек телевизия ғана емес...» деп аталатын, қазіргі заман- ның өзекті мәселесін жан-жақты ашып көрсететін мақала жазды. Келесі беттен бастап сол мақаланың толық мәтіні ұсынылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==