Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
63 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері фотосуреттер мен әңгімелер жайлы; Орталық барлау басқармасы, Федералдық барлау бюросы және Ұлттық қауіпсіздік агенттігі нені біліп, нені білмегенін әш- керелейтін құжаттар турасында; басқа сөзбен айтқанда Осама бен Ладен туралы мәлімет немесе кез келген сәтте қандай да бір қатысушы туралы қосымша толық ақпарат, кез келген субъект, кез келген заң терминінің немесе процедурасының түсіндірмелері, тағы басқалар туралы визуалды мағлұмат алуға мүмкіндігі бар. Қабылдаушы дегенің – бұдан бөлек кәдімгі стимулдар әлемінің ортасында тұр- ған жасампаз тұлға, интернет терминімен айтсақ, алып шексіз тордың ортасын- да тұрып, тордың кез келген бұрышына әдейі немесе аңдаусыз, көңілі қалаған немесе қолы жететін стимулға жармасады. Процесс Компьютерге не болмаса сайтқа арнап басты материал жазатын автордың жұмысы компьютерлік бағдарлама туралы ақпарат ұсыну болғанымен, оқулық мұндай мақсатты көздемейді. Шын мәнінде, мақсатымыз – тұлғаның дәстүрлі телевизия, радио және кино саласында сценарий жазу тәсілдерін киберкеңістік- ке бейімдеу. Көп ұзамай қазір радио немесе теледидар арқылы берілетін барлық бағдарламалар, ұялы телефон, iPod немесе blueberry, blackberry немесе boysenberry болсын, компьютер немесе компьютерленген шағын қабылдағышқа таралады. Әр автор интернетке арнап материал дайындау үшін әртүрлі процесті қол- данса да, курстық жұмыстың нобайы секілді эпизодтық ұяшықтардың сұлба- сын жасау – жиі қолданылатын тәсілдердің бірі. Бірақ бір ұяшықтан екіншісіне немесе логикалық ретті тәсілмен бірінші кезеңнен екінші кезеңге ауысудың ор- нына бір элемент ұяшыққа салынған кезде, осы элементке қатысты материалға жасалған сілтемелер әлгі ұяшықтан тиісті қосымша ұяшықтарға шығатын тар- мақтармен байланысады. Осыдан кейін алда кездесетін сілтемелер белгіленеді. Нәтижесінде бірсыпыра дайындауға қажет суреттерді қоса алғанда, әрқайсысы дәстүрлі медианың кез келген сілтемелерді (ақпаратты немесе стимулды) білді- ретін, бірін-бірі қиып өтетін тармақтардан құралған алып тор жайылады. Әрбір сілтеме баспа, диаграмма мен графика, визуал қозғалыс, аудио, фотосурет, сұх- бат беруші мен комбинациясы бола алады. Қаламгерлердің көбі үшін бұл оп- циялар, әсіресе сөз жазып, бірақ сурет сала алмайтындарға үлкен ауыртпалық секілді көрінеді. Бірақ компьютерлік бағдарлама кез келген визуалды материал- ды, музыканы, суретті, аудио және басқа да басыпшығарылмайтын стимулдарды монохромды немесе түрлі түсті етіп кез келген жерге кез келген формада қоюға мүмкіндік береді. Осыдан кейін сіз қабылдаушыға қай кезеңде болсын алға жыл- жытыңыз, артқа жылжытыңыз, мына жерде сілтемеге басыңыз, мында суретке басыңыз және т.б. нұсқау бере аласыз. Аталмыш форматтың мазмұнына қызығушылық танытқан жасампаз автор- ға қабылдаушының толық интерактивті болуына қажет механикалық талаптар- ды анықтау, яғни тінтуірді материалды ашатын арнайы белгіге басу, жылжыту, диалогтық терезеге немесе қапталдағы панельдерге бағыттау, жоғары-төмен ай- налдыру, ролловер (бір мезгілде басу) элементтері және басқа да процедуралар қанша қиындық тудырса да, техникалық бағыттарды автор мен қабылдаушының интерактивті процесінің бір бөлігі ретінде меңгеру шарт. Бұл қабылдаушы на- зарына стимулдың түрлі деңгейін ұсынуыңызға сеп болады. Біріншісі – экран бетіне шығатын материал екені айтпаса да түсінікті. Стимулдың екінші деңгейі, қабылдаушы тінтуір немесе суретті кездейсоқ жылжытқанда немесе қосымша
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==