Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

2-ТАРАУ 62 екіншісімен бұрынғы медиада қолданылатын логикалық немесе ретті формада емес, аудиторияның жеке мүшелерінің қалауына сәйкес байланысады. Автор, негізінен, аудиторияның нақты таңдау жасауы үшін сан қырлы нұсқа- лар сериясын дайындауы керек, бұл өз кезегінде тізбектің келесі пунктіне әсер етеді. Өзге медиадан бөлек, автор аудиторияның жекелеген мүшелерінің реак- циясы мен контрреакциясы қандай болатынын алдын ала тұспалдап, аудитория- ны бағдарлама немесе сценарий мақсатын орындайтын таңдауға бағыттайтын жазба өнім әзірлеуге тиіс. Материалды қадам-қадамымен дәстүрлі логикалық ретті прогрессия мәне- рінде ұсыну орнына, киберкеңістікте жазатын автор түрлі идея, тұжырымдама, әсер, ақпарат, есту және көру материалдарын, эмоциялық және интеллектуалды стимулдарды кез келген формада, мекенде және қоспада сан қырлы және алуан түрлі етіп интеграциялау үшін кеңістік пен уақыт шексіздігін қамтуға қабілетті шығармашылық әлемнің ортасында орналасады. Жалпы айтқанда, автор да, қабылдаушы да, мейлінше, икемді болуы керек. Компьютер немесе планшет қабылдаушыға ұсынылған мәтін жиынтығынан, ма- териалдың қайда, қашан және қалай ұсынылғанына қарамастан, оның кез кел- ген бөлігіне тіпті кездейсоқ болғанның өзінде, нағыз таңдау жасап, араластыру- ға және салыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша интернет-процесс өз алдына контенттен үстем түсетіндіктен, Маршалл Маклюэннің «медиумның өзі – мес- сеж» деген сөзінің мағынасы молая түседі. Тәсіл «Гипермәтін» сөзі интернетке арнап материал жасаумен – жазумен жиі бай- ланыстырылады. Қарапайым тілмен айтқанда, гипермәтін ойымызды ойлау тә- сіліне жақын етіп жеткізеді, яғни көптеген идея санамызды бір мезгілде шарлап өтеді, онда ойымызды дұрыс жинақтап, коммуникацияның ретті тәсілі арқылы түсінікті етіп қағаз бетіне түсіретін логикалық ретті тәсіл жоқ. Интернеттің ги- пермәтіндік немесе интерактивті қабілеті қабылдаушыға, яғни аудиторияға кез келген нәрсе туралы сан түрлі ақпарат пен идеялар беретін түрлі мультимедиа қамтылған стимулдар конгломератын бірден ұсына аламыз дегенді білдіреді. Осы тұрғыдан, интернеттің аудиовизуалды баспаға келтірер құндылығы бейне- леу өнеріндегі Пикассоның кубизм құндылығымен парапар. Пикассо өнерін тәп- сірлеушілердің сөзіне сенсек, XX ғасырдың басында коммуникация мен көлік- тің дамуы объектінің көрінісін бір ғана жазықтықпен шектеген жоқ, ал кеңістік пен уақыт шегінен шығу объектіні бір уақытта сан қырынан байқауға мүмкіндік берді. Бұл интернеттің коммуникацияны түрлендірген сәті. Гипермәтін интерак- тивтік қабылдаушыға бір мезгілде алуан қайнар көзі бар кеңістік-уақыт конти- нуумынан әртүрлі стимулдарды алуға, сондай-ақ дайындауға мүмкіндік береді. Мәселен, драматург қабылдаушыға сюжеттің өрбуін әр кейіпкердің яки бар- лық кейіпкердің көзімен көруге мүмкіндік бере алады, сонымен қатар сюжет бір мезгілде кейіпкерлердің өз психикасы, бастан кешкен өмірі мен мотивациясы арқылы дамиды. Аудитория сюжетті кез келген комбинацияда жинап, таңдай алады. Мысалы, 2001 жылғы Дүниежүзілік сауда орталығы мен Пентагонға жа- салған террорлық шабуыл туралы тарихи деректі фильмде интернет-аудитория ретті нарративтен кез келген уақытта ажырап, Клинтон әкімшілігі Буш әкім- шілігіне ұсынған, ішінде шабуыл жайында ескертпесі бар әл-Каида құжаттары жайлы; аты әмбеге аян болған шабуылшылар мен олардың отбасына қатысты

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==