Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

61 Шығармашылық өндірістің негізгі элементтері карт (ойнатуға жазылған материал сақталатын картриж), аудиомагнитофон (ATR, audio tape recorder) (картриж сияқты бірдей функция атқарады, бірақ си- рек қолданыста), дыбысты құбылту (дауысты баяу бәсеңдету немесе көтеру), то - ғыспалы жанасу (екінші элементті қосқан кезде, біріншісінің өшуі), ЭТ (электр- лік транскрипция), лайв тег (таспаға жазылған музыкаға әлқисса), реплика (out cue – жазып алынған көшірме жолындағы соңғы сөздер), соққы (екпін түсіру немесе ерекшелеп айту), ауысу (бір элементтің екіншісіне үздіксіз ағыны), стин - гер (титрден кейінгі кадр) / перне (музыка немесе саунд эффектінің соңы), кадр - дан тыс мәтін (дыбыс үстінен сөйлеу), КТ (reel type – катушка типі), CD (аудио компакт диск) және микрофон (mic – микрофон). Осы тарауда жиі айтылғандай, лентаға түсірілген жазбалар және басқа да ескі технологиялар цифрлық технологияға жол берді. Продюсер, профессор әрі «Радиостанция» ( The Radio Station ) авторы Майкл Кейт продакшн командасының көзқарасы тұрғысынан редакторларға мынадай бірнеше кеңес ұсынды: ■ ■ кадрларды логикаға сай құрау үшін медиумның бірегей табиғатын түсініп алыңыз; ■ ■ өзіңізді қызықтыратын аудиториямен таныс болыңыз (немесе етене танысыңыз); ■ ■ сөз еткелі отырған өнім жайындағы ақпаратқа түгел қанық болыңыз; ■ ■ қалыптасқан әдістер мен критерийлерге сай келіңіз, не болмаса макет пен форматты айнытпай көшірсеңіз болады; ■ ■ пунктуацияны, грамматика мен орфографикалық емлелерді сақтаңыз; ■ ■ продакшн элементтеріне сәйкес көшірменің уақытын есептеңіз; ■ ■ түсінікті тілде жазыңыз және күрделі құрмалас сөйлемдерді пайдаланбаған жөн; ■ ■ қажет жағдайда cөзді айтылуына қарай жазыңыз; ■ ■ қаптаған сан мен күрделі жолдардан аулақ болыңыз; ■ ■ жасампаз (креативті) болыңыз. ИНТЕРНЕТТЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛ Интернеттің медиамиксті толықтыратын негізгі қыры – оның таныстырушы (автор)менқабылдаушы(аудитория) арасындаинтерактивті болуқабілеті.Интер- активтілік аудио және видеомикстің тасасында қалмай, тікелей эфир, басқарыла- тын дыбыс, фотосурет, диаграммалар мен графиктерді, мәтін мен анимациялар- ды телефон, факс, студиядағы аудитория, көше сұхбаттары мен түсірілім каме- ралары секілді кіру арналарынан интернеттің мультимедиалық әлеуетін молы- нан пайдалануды ұсынады. Күні кешеге дейін мұндай интерактивтілік бірқатар құрал-жабдық пен техникалық мамандардың атсалысуын талап етті. Ал қазір автор осы әрекеттерді өз бетінше немесе шағын уеб-команда көмегімен орын- дай алады. Көрсетілген элементтердің үстінен басып, таймлайнға (жол) видео- комментарий немесе басқа контентке сілтеме қоса алады. Бұл сценарий жазу концептілері, тәсілдері мен әдістерінің жаңа жиынтығына жол ашып қана қой- май, автордан осындай қарым-қабілетті талап етеді. Интерактивтілік сценарий жазуда айнымалы шамаға көбірек сұранып тұрады. Себебі автор ақпарат, түрлі идея мен эмоциялық стимуляцияны сілтеме түрінде ұсынады; онда бір пункт

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==