Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
2-ТАРАУ 60 МУЗЫКА: ЕМІС-ЕМІС БАСТАЛАДЫ ЖӘНЕ АҚЫРЫН ЖАЛҒАСЫП ТҰРАДЫ. ДИКТОР: ...Иә, дұрыс, өздеріңіз танығандай, Китчен Синктің «Лас ыдыс» ( Dirty Dishes ) әні. МУЗЫКА: ШАПШАҢ ҮДЕЙДІ, АЯҒЫНА ДЕЙІН СОЗЫЛАДЫ, АЯҚТАЛАДЫ. Студия Радиостудияның физикалық шектеулі мүмкіндігі қаламгер көздегеніне қайт- кен күнде де әсер етеді (тұсайды). Сондықтан студияның барынша кең екеніне әрі онда сценарийіңізді ойдағыдай іске асыруға қажет жабдықтар бар екеніне толық көз жеткізгеніңіз абзал. Кәсіби студиялардың көбінің акустикасы жақсы, бірақ кейбірі көңілден шықпайды, сол себепті сізге студияның шамасы сценарийге қа- жет дыбыс табиғатына сай келетінін алдын ала білу шарт. Дегенмен көптеген му- зыкалық радиостанцияда барлық эфир жұмысын жүргізетін жеке студия жоқ- тың қасы, кейбір радиостанциялар жеке студияны панельдік пікірталас, сұхбат және басқа шоуларға пайдаланады. Студияда таспаға жазуға және тікелей эфир шығарылымдарына қажет микрофондар мен басқа да жабдықтар болады. Аппаратты-студиялық блок (АСБ – The Control Room) Аппаратты-студиялық блок (АСБ) – барлық дыбысты, яғни әңгіме, музыка, эффектілерді үйлестіретін операциялар орталығы. Дыбыс инженері барлық кіріс сигналдарын басқару тақтасында мұқият араластырып, тыңдаушыға жібе- реді. Басқару тақтасы (control board) барлық каналдан шығатын дыбыс деңгейін реттейді және дыбысты кез келген кіріс комбинациясы бәсеңдете алады немесе араластыра алады. Аппаратты-студиялық блокқа радиостанцияның музыкалық кітапханасынан тұратын компьютер ғана қажет, бірақ кейбір радиостанцияларда әлі де CD-кассеталар мен картриждер бар, тіпті алдын ала жазылған материал- ды ойнатуға арналған ескі плеер, сондай-ақ дижейлер мен дикторларға арналған микрофондар да кездеседі. Компьютерлер жингл, промо-ролик, идентифика- тор, жарнама және әлеуметтік жарнамалар ( PSAs – Public Service Announcements ) сияқты бірқатар бағдарламалық материалды қабылдап, таратады. Дыбыс опе- раторы компьютерге салынған музыкалық кітапханадан қажет әнді тауып алып, мониторға шығарады және дайын болғанда эфирге жібереді. Жарнама кестесі мен форматты сағат сияқты бағдарлама дайындау элементтері де дижейлер мен дикторларға АСБ-дағы компьютер арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ АСБ- да материал жазуға, оның ішінде тұтас бағдарлама әзірлеп, содан кейін хабар таратуға арналған жабдықтар тұрады. Басқа да радио терминдері Қаламгер шығармашылық өндіріс сценарийінде жиі кездесетін кейбір негізгі терминдерді білуге міндетті (төменде келтірілген терминдердің біразы алдыңғы тарауларда ұшырасты) – астар (bed – музыкалық база), SFX (саунд эффектілері),
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==